Әлеумет

«Мерзімі өткен тамақ беріп, қолын қайырып, балағаттаған»: Мүгедектігі бар жандар сұмдық қорлық көрген

Прокурорлар мүгедектігі бар павлодарлықтарды қызметкерлер қорлағаны туралы мәлімдеді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын тексеру кезінде өрескел фактілер анықталды. Облыстың мыңнан астам арнайы тұрғыны әлеуметтік қызмет пен арнайы құрал-жабдықты алмаған болып шықты.

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қызмет көрсетуге арналған 13 миллион бюджет қаражаты заңсыз игеріліп, ұрланған. Бірден бірнеше медициналық-әлеуметтік мекемеде жарамдылығы өтіп кеткен тамақ берілген.

Прокурорлар лауазымды тұлғаларға 45 қадағалау актісін жіберді. Кінәлілер әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылады.

-->

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірінде қамқорлыққа алынғандарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтадық. Сонымен, тексеру барысында бейнекамералардағы жазбалар алынды. Нәтижесінде санитардың мүмкіндігі шектеулі адамды балағаттағанын, палатада қолын қайырып отырғанын анықтадық. Облысымыздың, барлық жерде мүгедектердің құқығы бұзылып жатыр, – дейді Павлодар облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің жетекшісі Асхат Қоқымбаев.