Әлеумет

Ақтөбеде жігіт досын монтировкамен ұрып өлтірген

Ақтөбе тұрғыны ұлының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, полициядан көмек сұрайды. Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері екі достың арасында дау болғанын анықтаған.

-->

Ақтөбе тұрғыны ұлының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, полициядан көмек сұрайды. Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері екі достың арасында дау болғанын анықтаған.

Жанжал кезінде 25 жастағы жігітті досы монтировкамен ұрып, автокөлігіне тиеп, өзен жағасына апарып тастаған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүрізіліп жатыр. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.