Қаңтарда 5 полицей 25 адамды үтікпен азаптаған
-->
Алматы облысында қызған бу үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші болып танылды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады. Жедел-тергеу әрекеттердің нәтижелерінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің қатыстылығын анықтады. Олардың үшеуі кінәларын мойындады, - деді Серік Шалабаев.