Әлеумет

Кезекті ауыл әйелдерінің форумы өтті

Форум аясында ауылдық жерлерді тұрақты дамыту, ауылдағы әйелдердің ел экономикасындағы сүбелі үлесі, олардың дамуына жағдай жасау, экономикалық белсенділіктерін арттыру, ауылдық жерлердегі жұмыспен қамту мәселесін шешу, әйелдердің өз ісін бастауға жаңа мүмкіндіктер ашу сияқты маңызды тақырыптар көтерілді.

Еске салсақ, Ауыл әйелдерінің форумы алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған болатын. Осы айналдырған төрт жыл аралығында түрлі деңгейде өткен форум 7200 қатысушыны қамтып, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікке келуі, оны іске асыруы, қиындықты жеңіп, табысқа қолжеткізуі сынды 100 тақырыпта семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Оған 326  селолық аудандардан  400 спикер тартылған. Қазақстанның бүкіл өңірлерін қамтып отырған ауыл әйелдерінің форумы ортақ мақсат, ортақ мұңы бар үлкен тұрақты қауымдастыққа айналды.

Жалпы Ауыл әйелдері форумының өмірге келуіне мұрындық болған он жылдан бері елде сәтті жүзеге асырылып келе жатқан «Coca-cola белестері» әлеуметтік жобасы болатын. Бұл жоба аясында Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы мен «Әлеуметтік динамика» қоры 2013-2021 аралығында 500-ден аса тренингтер өткізді. 50 мыңнан аса ауыл әйелдерін оқытылып, 97 кәсіпкер-әйел арнайы грантқа ие болды. Олардың жүргізіп отырған кәсібінің арқасында жаңа 300 жұмыс орны ашылды. Форум барысында осы «Coca-cola белестері» байқауына қатысып, кәсіп ашуға грант алу алгоритмі тереңнен түсіндірілді.

Форумда алғашқы болып сөз алған Қазақстанның ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина ауыл әйелдерінің отандық кәсіпкерлікті дамытудағы рөліне тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігін мәлімдеді. 

Форумға қатысушы өңірлер бойынша алғашқы болып сөз алған  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Ғ. С. Нығыметов өңірдегі елді-мекендерде кәсібін ашуға ниетті нәзік жан иелері санының күн санап артып келе жатқандығын атап өтті.  Бүгінде теріскейдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30,6 мыңнан асатын болса, оның 12,7  мыңын әйелдер қауымы басқарады. Яғни, кәсіпкерліктегі әйелдердің үлесі өңірде 42,0% құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкер-әйелдер қауымы да мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысып, оның шарапатын көріп отыр. 2021 жылы субсидиялау бойынша кәсіпкер-ханымдардың 218 өтініші мақұлданып, оған 4 490 млн. теңге несие қарастырылған. Сондай-ақ, 79,1 млн. теңгеге 17 грант берілген.

«Қарапайым заттар экономикасы» атты жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы да кәсіпкер әйелдер үшін көп мүмкіндікке жол ашты. 2019 жылдан бастап нәзік жан иелері басқаратын кәсіпорындардың 24 жобасына қаржылай қолдау көрсетілген.

Қоғам сұранысына сай, көпшілік тарапынан ерекше қолдау табатын ерекше бизнес-идея иелері де ерекше ілтипат пен қолдауға ие.

Үстіміздегі жылы бұл бағытқа бөлінетін қайтарымсыз грант көлемі 200 –ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін артқан.  2022 жылы ауылды жерде тұратын 15 000 әйел кәсіпкерлік бағытында оқудан өтетін болады. Облыстық форумдардың қорытындысы бойынша Ауыл әйелдерінің V Республикалық форумы биылғы қарашаға жоспарлануда.

Айта кетейік, ZOOM платформасында ұйымдастырылған жиынға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының басшылығы, халықаралық ұйымдар мен қоғам белсенділері, 200-ден аса ауыл әйелдері қатысты.

-->