Балалар каникулда қалай демалып жүр
Мектеп маңында киіз үйлі лагерьлер өз жұмысын бастады
Балалар жылында жаз уақытында сауықтыру лагерьлерінде 500 мыңнан астам оқушы демалады. Соған сай сауықтыру лагерлері мен алаңдардың саны да айтарлықтай өседі. Елде 11 мыңнан аса мектеп пен қала жанында шатырлы, спорттық және киіз үйлі лагерлер өз жұмысын бастады.
Балалар әуе билетін тегін ала алады
Мәдениет және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism ҰК-нің ұйымдастыруымен елде отбасылық туризмге арналған түрлі бағдарлама өз жұмысын бастады. Солардың бірі – Kids Go Free. Бұл арқылы Қазақстан ішінде саяхаттайтын балалардың әуе билетін тегін алуға болады.
Елордада жазда 100-ден аса іс-шара өтеді
Елордада жаз мезгілінде балаларға арналған 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылады. Олар «Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Күні – сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Bala qorgau», «Bala-time.kz» деген 7 бағыттан тұрады.
Балалардың бойындағы қасиеттерді ашуға септігін тигізетін көптеген орталық өз жұмысын бастады. Мәселен, цифрлық технологияларды қолдану бойынша халықаралық емтихан тапсыру мен сертификат алуға мүмкіндік беретін «Tanym» креативті технологиялар орталығы ашылды. Бұл орталық бір мезетте 1000 баланы қабылдай алады.
Жақында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының базасында «Matatalab Coding Set» робототехникалық жиынтығын қолдана отырып, ойын форматында бағдарламалау бойынша «Sana» білім беру орталығы ашылды.
Сондай-ақ елордада «KOKTAL JUNIOR HALL» спорт орталығы мен «ART IS FOREVER» бейнелеу өнері мектеп-мұражайы өз жұмысын бастады.
-->Мектеп маңында киіз үйлі лагерьлер өз жұмысын бастады
Балалар жылында жаз уақытында сауықтыру лагерьлерінде 500 мыңнан астам оқушы демалады. Соған сай сауықтыру лагерлері мен алаңдардың саны да айтарлықтай өседі. Елде 11 мыңнан аса мектеп пен қала жанында шатырлы, спорттық және киіз үйлі лагерлер өз жұмысын бастады.
Бірінші кезекте жазғы сауықтыру демалысымен әлеуметтік осал санаттағы балалар қамтылады. Бұл жетім балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және т.б. Балалар сауықтыру лагерьлерінің желісі санаторийлер, туристік базалар, ұлттық парктер, жоғары оқу орындары жанынан лагерьлер ашу және жұмыс істемейтін лагерьлерді қалпына келтіру есебінен кеңейтілді. Қалалық лагерьлер желісін дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Балалар әуе билетін тегін ала алады
Мәдениет және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism ҰК-нің ұйымдастыруымен елде отбасылық туризмге арналған түрлі бағдарлама өз жұмысын бастады. Солардың бірі – Kids Go Free. Бұл арқылы Қазақстан ішінде саяхаттайтын балалардың әуе билетін тегін алуға болады.
Бағдарлама қалай жұмыс істейді? Біріншіден, бұл мүмкіндікті ел азаматтары ғана пайдалана алады. Екіншіден, кәмелет жасына толмаған балалар ұшаққа ересектермен бірге ғана отырғызылады. Үшіншіден, турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы қажет. Оны сатып алу кезінде балалардың әуе билет құны алынып тасталады, деп жазылған «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-тың баспасөз хабарламасында.
Елордада жазда 100-ден аса іс-шара өтеді
Елордада жаз мезгілінде балаларға арналған 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылады. Олар «Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Күні – сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Bala qorgau», «Bala-time.kz» деген 7 бағыттан тұрады.
Іс-шаралар жоспарын іске асырудың негізгі бағыттары балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау, сапалы білім алу және қол жетіміділік, жайлы және әмбебап қалалық ортаны кеңейту, дағдарысты жағдайларды болжау, алдын алу және әрекет ету шараларын күшейту болып табылады. Құқық бұзушылық жасаған балалар мен отбасыларды психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға психологиялық сүйемелдеуді қолдауды қамтамасыз ету үшін қалалық психологиялық сүйемелдеу қызметі ашылды, – деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз хабарламасында.
Балалардың бойындағы қасиеттерді ашуға септігін тигізетін көптеген орталық өз жұмысын бастады. Мәселен, цифрлық технологияларды қолдану бойынша халықаралық емтихан тапсыру мен сертификат алуға мүмкіндік беретін «Tanym» креативті технологиялар орталығы ашылды. Бұл орталық бір мезетте 1000 баланы қабылдай алады.
Жақында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының базасында «Matatalab Coding Set» робототехникалық жиынтығын қолдана отырып, ойын форматында бағдарламалау бойынша «Sana» білім беру орталығы ашылды.
Сондай-ақ елордада «KOKTAL JUNIOR HALL» спорт орталығы мен «ART IS FOREVER» бейнелеу өнері мектеп-мұражайы өз жұмысын бастады.
Елордада балалар жылының басталу алаңы еліміздің Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» орталық концерт залында «Басты назарда – балалық шақ!» ұранымен «Шаттық-2022» XV қалалық шығармашылық ашылулар байқауының гала-концерті болды, – делінген Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз хабарламасында.