Елордада «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауының жеңімпаздары анықталды
«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» ұранын желеу етіп, бұл салада еңбек етіп жүрген қызметшілерді ынталандыруға және де мәртебесін арттыруға бағытталған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі алғаш рет өткізіп отыр.
Бас жүлдені ауылдағы мектептерден бастап, орталық мемлекеттік органдарға дейін 424 мемлекеттік орган мен ұйым сарапқа салды.
Өңірлік конкурстық комиссиялардың іріктеу кезеңінен өз жұмысын тиімді көрсеткендер ғана өтіп, республикалық комиссия қарауына әр өңірден 3 үміткердің жобасы ғана ұсынылды.
Үміткерлердің жобасы мен бейнебаяндамасын арнайы құрылған комиссия мұқият зерделеп, конкурстың жеңімпаздарын анықтады.
Үздік шыққан үш мекемені назарларыңызға ұсынамыз: Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Атырау облысы Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Жүлделі орыннан көрінбесе де, ерекше қошеметке ие болғандардың қатарында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті, Павлодар облысы Кенжекөл және Маңғыстау облысы Батыр ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары, Қарағанды облысы Қазыбек би атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жобалары бар.
Байқаудың қорытындысы бойынша Комиссия барлық қатысушыға алғысын білдіріп, «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы жыл сайын өткізілетінін атап өтті.
-->