Әлеумет

2 млн адамның шотына мемлекеттік сыйлықақы түсті

2023 жылдың қорытындысы бойынша баспана алу үшін ақша жинап жүрген қазақстандықтарға жалпы саны 81,9 млрд теңге аударылды. Соңғы екі тәулікте 1 млн 990 790 адамның Отбасы банкіндегі депозиттеріне қаржы түсті.

Отбасы банкінде жинақ шоты жаңа туған баладан 96 жасқа дейінгі қартқа да ашылған.  2023 жылдың қорытындысы бойынша 240 000-нан астам қазақстандық баланың жинақ шотына мемлекеттік сыйлықақы түсті. 

-->

«Бұл ретте Отбасы банкінің әрбір төртінші салымшысы 138 000 теңге мөлшерінде ең жоғары сыйлықақы алды. Мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомасына есептеледі», - деді Отбасы банкінің баспасөз қызметі. 