Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді
Еңбек ұжымдары, жекелеген қызметкерлердің құқықтары мен лауазымдық міндеттері еліміздің Ата заңымен және Еңбек кодексімен реттеледі. Аталған кодексте қызметкерлерге берілетін демалыстың түрлері мен тәртібі, оны есептеу жолы мен өзге де маңызды тұстар көрініс тапқан. Алайда қай уақытта демалысқа шыққан тиімді, оның ақысы қалай төленеді және демалыс уақытында күтпеген оқиғалар болған жағдайда қалай шешілетінін көпшілік біле бермейді. Бизнес-тренер, сарапшы Шолпан Тасымова Elorda.info тілшісінің осы және өзге де сұрақтарына жауап берді.
Жыл сайынғы еңбек демалысы неше күнге беріледі және оны бөліп алуға бола ма?
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 4-тармағына сәйкес еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiндердің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс алуы азаматтардың негізгі конституциялық құқығы болып табылады. Жұмыс істейтін азаматтар үшін демалыстың 2 түрі қарастырылған. Атап айтқанда, қызметкерлердің барлығына берілетін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы және тек заңда қарастырылған жағдайларда берілетін әлеуметтік демалыстар.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі. Бұл демалыстың да екі түрі бар:
1) жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалыстары (ҚР ЕК 87-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы);
2) қосымша ақы төленетін еңбек демалыстары (ҚР ЕК 87-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы және 89-бабы).
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, жұмысты қоса атқаратын қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
Демалысқа шыққанда берілетін ақы қалай есептеледі?
Еңбек демалыс ақысын есептегенде мереке күндері саналмайды. Демалыс мереке күндерінің санына сәйкес ұзартылады, бірақ мереке күндері үшін жұмыскерге ақы төленбейді.
Еңбек демалыс ақысын қызметкерге демалысқа шыққаннан 3 жұмыс күні бұрын төленеді. Ал егер қызметкер демалысқа жоспардан тыс уақытта шығатын болса, демалыс басталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде төленеді. Ескеретін жағдай, демалыс ақысынан да салық ұсталады.
Демалыс ақысын есептегенде нақты жұмыс істеген уақыттың орташа еңбекақысы алынады, яғни бір күндік жалақыны демалыс күнінің санына көбейту арқылы есептеледі.
Мәселен, қызметкер 2023 жылдың 01 шілдесінде 180 мың теңге көлеміндегі жалақымен жұмысқа қабылданды. Ол әрбір аптада (бес күндік) 40 сағаттан жұмыс істейді делік. Бір жыл толық жұмыс істеп, 2014 жылдың 01 шілдесінде 24 күндік еңбек демалысына шығады.
Еңбек демалысының ақысының көлемін 3 кезеңмен анықтаймыз:
12 айға есептелген жалақы: 180 000 х 12 = 2 160 000.
Орташа бір күндік ақы: 2 160 000 : 246 (12 айдағы жұмыс істеген күндердің жалпы саны) = 8780.
Еңбек демалысы ақысының көлемі: 8780 х 18 (24 демалыс күннен жұмыс істеген күндердің саны) = 158 048 теңге.
Маңызды: бұл сомадан 15 804 теңге міндетті зейнетақы жарнасы мен 9974 теңге жеке табыс салығы ұсталады. Сонда қолға тиетін еңбек демалысы ақысының сомасы 132 269 теңге болады.
Еңбек демалысында мереке күндері саналмайды және мереке күндері үшін жұмыскерге ақы төленбейді. Демалыс мереке күндерінің санына сәйкес ұзартылады.
Демалыс кезінде ауырып қалған жағдайда демалыс мерзімі ұзартыла ма?
ҚР ЕК 94-бабының 1-тармағына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынандай жағдайларда беріледі:
1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда;
2) жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады.
ҚР ЕК 94-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады.
Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.
Демалысқа уақытында шықпаса демалысқа берілетін күндер «күйіп» кете ме?
Жұмыс берушіге Еңбек кодексінде жұмысшыға пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынған. Яғни, екі жылдан артық үздіксіз жұмыс істеуге болмайды. Егер жұмыс беруші қызметкерді демалысқа жібермейтін болса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 88-бабына сәйкес айыппұл салынады. Заңда лауазымды адамдарға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –60, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылған.
Қай айда еңбек демалысына шыққан тиімді?
Демалыс уақыты жұмыскерлердің жеке жағдайлары, мереке күнтізбесі сияқты бірқатар факторларға және мекемелердің жоспарына байланысты болуы мүмкін. Қызметкерлер демалыс уақытын демалыс күндеріне жанастырып ала алады. Мысалы, демалыс және мереке күндерімен қатарластырып алсаңыз, жалпы демалыс күніңіз созыла түседі. Бірақ ақшаға келгенде, жақсылап ойластыру керек. Жұмыс күндері ең көп айларда еңбек демалысына шығу ұтымды. Керісінше, наурыз тек 17 жұмыс күнімен ең ұтымсыз ай. Бұл еңбек демалысы мен жұмыс істеген күндердің жалақысын есептеуге әсер етеді. Жалақы айдағы жұмыс күндерінің санына бөлінеді және жұмыс істеген күндеріне көбейтіледі.
Компанияда алғашқы жыл жұмыс істеп жатқан адам еңбек демалысына қашан шыға алады және оған неше күн беріледі?
Егер жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде қосымша күн саны көзделмесе, ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.
Мысалы: Еңбек Кодексінің 139-бабының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жылдың кез келген уақытында беріледі. Бұған қоса екі тараптың арасындағы келісім бойынша еңбек демалысының күндері бөлінуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік 14 күннен кем болмауы тиіс.
Денсаулығына байланысты ауырып жұмысқа шықпаған күндер және ақысы төленбейтін демалыс алу жыл сайынғы ақысы төленетін демалысқа қалай әсер етеді?
Жоғарыда айтылғандай ҚР ЕК 91 бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде еңбек өтіліне мыналар енгізіледі:
- іс жүзінде жұмыс істеген уақыт;
- қызметкер іс жүзінде жұмыс істемеген, бірақ жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
- қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздыққа байланысты іс жүзінде жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілік және босану бойынша демалыста болған уақыт;
- қызметкер бұрын нақты жұмыс істемеген уақыт.
Демалысқа міндетті түрде алдын ала жасалған кестеде көрсетілген уақытта ғана шығу керек пе?
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі еңбек шартымен, ұжымдық шарттармен, қызметкерлердің пікірін ескере отырып жасалады және жұмыс беруші оны бекітеді. Демалыстар кестесі қызметкердің жұмыс жылы мерзімінің шегінде өзгеруі мүмкін. Демалыстар кестесі өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті. Еңбек дауларының алдын алу үшін қызметкерді жазбаша хабардар ету қажет және ол тиісті құжатқа қол қояды. Қызметкер кестеден тыс мезгілде демалғысы келсе өтініш жазады және жұмыс берушінің келісімі керек.
-->Жыл сайынғы еңбек демалысы неше күнге беріледі және оны бөліп алуға бола ма?