Әлеумет

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру маңызды мәселе

Халықпен тікелей байланысатын, көпшіліктің көңілін күпті еткен жайларды шешуге өкілетті тұлғаға қойылатын талаптар өлшемі уақытқа сай жаңа сатыға көтерілді. Мемлекеттік қызметші келбеті қандай болуы керек, оған қажетті адами, кәсіби қасиеттер қандай, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мемлекет үшін, қоғам үшін маңызды мәселе. Міне, сондықтан да елімізде мемлекеттік қызмет халыққа барынша ашық болып, заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы бюрократияны болдырмайтын, жаңашыл ойлайтын жас мамандарды тартуға баса назар аударылады. Бұл жастардың мақсатты бағытын айқындап, мансаптық өсуіне,  мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілерге мүмкіндік

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасуын жеңілдетуге, ашықтықты қамтамасыз етуге, конкурстық үрдістерді қысқартуға бағытталған. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке қабылдауды жеңілдету үшін жаңа мүмкіндіктер жасалды.

Отандық жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантпен жақсы үлгеріммен аяқтаған жастарға конкурссыз кіру мүмкіндігі берілді. Бүгінде 172 үздік түлек конкурссыз аудандық (121) және ауылдық (51) жерлердегі мемлекеттік қызметке қабылданды.

Тағайындалған жастар – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Н.Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университінің түлектері.

Бұл жас мамандардың өңірлерге, алыс ауылдарға барып, жергілікті жерлердегі қызметшілердің сапалық құрамының білімді жас кадрлармен толығуына себепші болып отыр.

Пилоттық жоба жастарға жол ашты

Мамандық таңдау бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырыңның айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық қолдаудың нағыз өзі. Оған белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етілсе, егер өзің қалаған мамандық болған соң, оған үлкен ынтамен, шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың деген пікірді қолдайтын жастың бірі – Астанадағы Алматы ауданы әкімі аппараты, Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ислам Ибраймов.

Мемлекеттік қызметте бұл лауазымға дейін Теміртау қаласы, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінде 2 жылдай бас маман болып жұмыс істеген ол биыл мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы іске асып жатқанын естіп, қызығып, бірден өтінім берді.

«Мен «e-Qyzmet»  порталына кіріп, Алматы ауданы әкімі аппараты, Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі бас маманы лауазымына өтінім бердім. Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы 3 кезеңнен тұрады екен. Олар – Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, сұхбат. Жоғарыда айтып өткен кезеңдерді өзіңіздің тапқырлығыңыз бен біліміңіздің көмегімен алып шығасыз. Пилоттық жобаның ерекшелігі ол – адами фактордың болмауы, яғни, барлығы өзіңіздің қолыңызда, қалай тапсырасыз, солай алып шығасыз және де әлемнің кез келген жерінде жүрсеңіз де онлайн тапсыра аласыз, ең бастысы – компьютер мен интернетіңіз болса жеткілікті.Сонымен қатар өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдап, қалаған кезіңізде кіріп, тапсыра берсеңіз болады.

Мемлекеттік қызметке келудегі мақсатым – халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу. Мемлекеттік қызметші атану –  кәсіби білімді, жауапкершілігі мол әрі білікті маман болуын талап етеді. Ең бастысы өзгеге үлгі бола білуі қажет.

«Ақыл – жастан, асыл – тастан» деп бекер айтпаса керек халқымыз. Білімді, еңбекқор, елге қызмет етуді парыз санайтын жастар – еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің басты қозғаушы күші.

Жаңашыл жүйе

Мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуді жүзеге асырудағы пәрменді құралдарының бірі – іріктеудің жаңа жүйесі. 2023 жылы мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімін жеңілдету үшін «e-Qyzmet» жүйесін жаңғырту аясында сыртқы порталы әзірленіп, конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды.

Қазіргі таңда ол 22 мемлекеттік органда іске қосылды. Іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі әрбір азаматқа конкурстың барлық кезеңдеріне онлайн қатысуға мүмкіндік беріп, адами факторларды азайтады. Анонимділікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмау үшін үміткерлерге ID-номерлер беріледі. Осылайша, конкурс рәсімінің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етуде және конкурс жеңімпазы барлық кезең қорытындысы бойынша ақпараттық жүйемен дербес айқындалуда.

Жаңа жүйе бойынша конкурсқа қатысушылардың үлес көрсеткіші 4,6 адамды құрап, қолданыстағы іріктеу  тәртібімен салыстырғанда 2,7 есеге артып отыр.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алдағы уақытта кадрларды іріктеу үдерістеріне жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлап отыр. «Жеделдетілген цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді қолдануға көшу барысы – іріктеудің тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін аша түседі», – дейді агенттіктегі мамандар.

Жобада –  жаңа есімдер

Президенттік жастар кадр резерві еліміздің талапты жастарына зор мүмкіндік береді. Биылғы жылы елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Президенттік жастар кадр резервінің форумы өткені белгілі. Еліміздің үміт артқан жастары бас қосқан ауқымды іс-шарада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Көп ұзамай мемлекеттің игілігі үшін ең жауапты шешім қабылдайтын кезеңге тап келесіздер. Үкіметте немесе квазимемлекеттік секторда болсын, ел басқару ісіне араласасыздар. Әлбетте, жеке секторда да еңбек етесіздер. Сондықтан мен сіздерге зор үмітпен қараймын. Ең алдымен, осы зор жауапкершілікті дұрыс түсінген абзал. Қай салада болмасын, негізгі мақсат мемлекет мүддесі болуға тиіс. Баршаңызға мәлім, мен жақында Үкіметте кеңейтілген жиын өткіздім. Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға арналған нақты шараларға тоқталдым. Қазір біздің алдымызда өте ауқымды міндеттер тұр», — деді.

Форумда Президент мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керектігін және оларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтты. Мемлекет басшысы біздің жетістіктерімізді бақылап, жастар кадр резервінің әрбір мүшесінен елді өркендету үшін тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс, зор үміт күтетінін жеткізді. Сондай-ақ ел Президенті үлкендердің зейнетке шығатынын, ал жастар олардың орнын басуға, ел үшін маңызды шешімдер қабылдауға дайын болу керектігін нақтылады. Ол үшін жастар жеткілікті тәжірибе жинақтап, оң өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек.

1 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізілуде.

Өңірлерде, аймақтарда өңірлік кадрлық резервті құрудың негізгі мақсаты — жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Іріктеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың кадр комиссиясы жүзеге асырады. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурсқа қатыспай-ақ орналаса алады.

Мемлекеттік қызметте нәзік жандар көбейіп келеді

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 55,7% әйелдер құрайды. Олардың басшы лауазымдар арасындағы үлес салмағы – 39,4%.

Әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі атап өтілді. Қазіргі күні Әдеп жөніндегі уәкілдердің 38%-ы әйелдер. Жалпы, мемлекеттік қызметтегі әйелдер әдептілік стандарттарын сақтай отырып, жауапкершілік пен құзіреттіліктің жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

1981 жылы Ақмола облысында дүниеге келген Сәния Омарова Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының бас маманы қызметін атқарады. Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосып жүрген білікті маман.

Сонымен қатар, Сәния Өмірсерікқызы өзінің бос уақытында Астана қаласы бойынша Орталықтандырылған кітапханада балаларға арналған шығармашылық, шеберлік сабақтарын өтіп, оларға өз білгенін үйретуден аянбайды. Себебі, ол біздің болашағымыз өскелең ұрпақтың қолында екенін терең ұғынып, қолы боста бар уақытын шығармашылық жұмысына арнайды, олардың болашағы үшін әркез алаңдайды.

Мемлекеттік қызметте қашықтық форматында және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс жасау белсенді қолданылуда. Бұл әсіресе жас балаларды тәрбиелеп отырған аналарға өз кәсіби міндеттерін жеке өмірімен тиімді үйлестіруге мүмкіндік беріп отыр. Осы форматтағы жұмыс кестесін қолданушы мемлекеттік қызметшінің 63 %-ын әйелдер құрайды.

Сондай-ақ қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметшілердің саны да 847 адамды құрайды, оның 30%-ға жуығы басшылық лауазымда қызмет атқарады.

Гүлшат Сапарқызы.

-->