Нұр-Сұлтанда тұрақты қан тапсырушы донорлар марапатталды
Жиында тұрақты қан тапсырушылар марапатталып, 4 азаматқа құрметті донор төсбелгісі табысталды. Марапат төрінен көрінгендердің көбісі – қан тапсыруды өмірлік дағдыға айналдырғандар. Қазір елде құрметті донор атағына қол жеткізу үшін кемі 40 рет қан тапсыру керек. Олардың саны 100-ден асады.
Айта кетерлігі, донорлардың саны артқан, қан тапшылығы сезілмейді. Десе де, мамандар тұрғындарды қан тапсыруға шақырады. Себебі қанға деген сұраныс та жылдан жылға артып келеді.
-->Жиында тұрақты қан тапсырушылар марапатталып, 4 азаматқа құрметті донор төсбелгісі табысталды. Марапат төрінен көрінгендердің көбісі – қан тапсыруды өмірлік дағдыға айналдырғандар. Қазір елде құрметті донор атағына қол жеткізу үшін кемі 40 рет қан тапсыру керек. Олардың саны 100-ден асады.
Айта кетерлігі, донорлардың саны артқан, қан тапшылығы сезілмейді. Десе де, мамандар тұрғындарды қан тапсыруға шақырады. Себебі қанға деген сұраныс та жылдан жылға артып келеді.
Барлық қазақстандықтарды қан тапсыруға шақырамын. Мен өзім осымен 8 жыл қан тапсырып келемін. Екі айда бір рет тапсырамын. Бүгін құрметті донор атағына ие болдым. Сол үшін куәлік пен төсбелгі табыстады, - деді донор Азамат Рахметов.