Әлеумет

Енді Мальдив аралдарына визасыз баруға болады

Ашық НҚА веб-сайтында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мальдив Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді бекіту туралы заң жобасы шықты. Қоғамдық талқылау 27 маусымға дейін жүргізіледі.

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Мальдив Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. 30 күн ішінде аталған елден кету мүмкіндігі болмаған азаматтар Мальдив Республикасының құзыретті органдарынан мерзімді ұзарту туралы рұқсат алуы тиіс», – делінген қаулыда.
 
-->