Құдайға шүкір, салафизмге қатысым жоқ – министр
Сізді әлеуметтік желіде жат ағымдармен байланыстырып жатыр. Нақтырақ айтқанда, салафизммен. Бекболат Тілеуханмен бірге түскен суретіңізді жариялап, сіз туралы түрлі қауесет тарап жатыр. Діни көзқарасыңызды ашық айтыңызшы? – деп сұрады журналистер Үкімет кулуарында министрден.
Оқи отырыңыз: ”Сананы тәрбиелеу керек”: Светқали Нұржан оқушыларға хиджап кигізуге қарсы (ВИДЕО)
Ол Бекболат Тілеуханды өнері үшін сыйлайтынын атап өтті.
-->Сізді әлеуметтік желіде жат ағымдармен байланыстырып жатыр. Нақтырақ айтқанда, салафизммен. Бекболат Тілеуханмен бірге түскен суретіңізді жариялап, сіз туралы түрлі қауесет тарап жатыр. Діни көзқарасыңызды ашық айтыңызшы? – деп сұрады журналистер Үкімет кулуарында министрден.
Мен, Құдайға шүкір, мұсылманмын. Салафизмге ешқандай қатысым жоқ. Білесіздер, мен атам мен әжемнің қолында өстім. Менің атам Нұрбек деген кісі, Семей қаласында имам, молда болды. Сондықтан мен – дінге, исламға жақын адаммын. Бірақ ешқандай радикалды ағымдарға, секталарға, салафизмге қатысым жоқ. Оны ашық түрде айтуға болады, - деп жауап берді Нұрбек.
Оқи отырыңыз: ”Сананы тәрбиелеу керек”: Светқали Нұржан оқушыларға хиджап кигізуге қарсы (ВИДЕО)
Ол Бекболат Тілеуханды өнері үшін сыйлайтынын атап өтті.
Мыңдаған жастарымыз Бекболат ағамызбен суретке түскен шығар. Олардың бәрі салафит деп айтуға болмайды. Бекболат Тілеухан, ең бірінші, біздің ағамыз, ақын, өнер адамы. Сол себепті мен ол кісіні ақындығы үшін, өнері үшін, ал ағалығы үшін құрметтеймін, қадірлеймін, - деді министр.