8 жыл қамауда отырған ҰҚК-нің экс-майоры Алпысбаев ақталды
Stan.kz-тің жазуынша, алқабилер соты Айдын Алпысбаев, Сергей Логвиненко және Мұрат Хасеновке қатысты үкім шығарды.
Сот процесі Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Тамара Королевскаяның төрағалығымен өтті. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Айдын Алпысбаев, Мұрат Хасенов және Сергей Логвиненко алдын ала сөз байласу барысында кәсіпкер Игорь Кудинді өлтірмек болған, алайда ойлары сәтсіздікке ұшырағаннан кейін олар екінші әрекетке дайындалып жатқан.
ҰҚК-нің бұрынғы майоры Айдын Алпысбаевтың ісі 2014 жылы басталған. Кәсіпкер Игорь Кудин белгісіз біреулердің өміріне қастандық жасамақ болғаны туралы арызбен құқық қорғау органдарына жүгінеді. Ал бір бейнежазбаның және криминалдық полиция басқармасының "К" бөлімінің бастығы Ерсен Өтеғалиевтің орасан жұмысының арқасында құқық қорғау органдары қастандық әрекетке қатысушыларды анықтай алды.
Қорғаушы тарап, сондай-ақ сотталушылардың өздері де іс тергеліп жатқанда түрлі заң бұзушылықтарға бірнеше рет назар аударған. Осы кезде күн мен уақыт даталарының сәйкес келмейтінін аңғарған. Көптеген құжаттарда орындаушының өзі, күні, қолы жоқ.
Сотта айыпталушылар қысым туралы да айтып, бірінші айғақтардан бас тартты, онда Алпысбаев Хасеновтен кәсіпкерді өлтіруді ұйымдастыруды сұрағаны айтылған еді. Хасенов өз кезегінде күйеу баласы Сергей Логвиненконы өлтіруші ретінде жалдаған. Олардың мақсаты ақша алу және кәсіпкердің бизнесін тартып алу мүмкіндігі болды. Прокурорлар қандай да бір қысым көрсету фактісін жоққа шығаратын қолда бар сараптамаға сүйеніп, мұндай мәлімдемелермен келіспеген.
Айдын Алпысбаев 2014 жылдан бері өзінің кінәсіздігін айтып, оны жан-жақты дәлелдеуге тырысып келеді. Алпысбаевтың өтініші бойынша сот алқабилердің қатысуымен өтті. Сотталушы ұсталған сәттен бастап айғақ беруден бас тартып, осыған байланысты психологиялық қысымға да ұшыраған. 2016 жылы сот Сәкен Сүлейменовтің ісінің тергеушісін Алпысбаевты азаптағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Азаптау жанжалынан бөлек, бұл іс өзге оқиғалармен де есте қалды. Қазіргі өткен сот отырысында үшінші алқабилер алқасы отырды. Бірінші құрамда төрағалық етуші судья Қайыров тарапынан қысым болғаны, оның айыпты үкімді шығаруға мәжбүрлегені айтылған. Кейін Жоғарғы сот үкімді жойып, істі қайта қарауға жіберді. Тамара Королевская кеңесу бөлмесінің құпиясын ашамыз деген желеумен екінші қазылар алқасын таратып жіберді. Енді қазіргі құрам Айдын Алпысбаев, Сергей Логвиненко және Мұрат Хасеновтің кінәсіз екенін ескеріп, өз үкімін шығарды.
-->Stan.kz-тің жазуынша, алқабилер соты Айдын Алпысбаев, Сергей Логвиненко және Мұрат Хасеновке қатысты үкім шығарды.
Алқабилер алқасы мен соттың шығарған үкімімен Алпысбаев, Хасенов пен Логвиненконың ісі қылмыстық оқиғалардың болмауына байланысты ақталуға жатады, - деді судья Тамара Королевская.