Әлеумет

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

Биыл Елорда күні 6 шілде – сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл ретте демалыс күндерін кейінге қалдыру қарастырылмаған.

Осылайша, бес күн жұмыс істейтіндер де, алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар да бір күн – 6 шілде демалады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Бұл күн демалыс және сенбі күніне сәйкес келетіндіктен, демалыс қарастырылмаған.

Шілдедегі демалас күндері:

бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар;

алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.

-->