Әлеумет

Елордада «Мама Рго» әйелдерді қолдау қорына 3 миллион қаражат табысталды

Қалалық «Mama Pro» қолдау қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау білдіреді. Аударылған қаражат мүмкіндігі шектеулі балалардың туған бауырларына психологиялық көмек көрсету мақсатында жұмсалады.

Әйелдерді дамыту қоры 2018 жылдан бастап 800-ге жуық анаға жан-жақты көмектескен. Бала денсаулығына байланысты үйде отырған аналар қор кеңсесіне келіп, кәсіпкерлік, психология негіздері бойынша білім алуға мүмкіндігі бар. Одан бөлек түрлі шеберлік сағатына қатысады. Бұл уақытта ерекше қажеттілігі бар бала кәсіби күтушінің бақылауында болады. Ол үшін кеңсе ішінде арнайы балалар бөлмесі де қарастырылған. 

«Mama Pro» қолдау қорының Алматы және Өскемен қалаларында филиалдары бар. Өткен жылы Алматы қалалық филиалында ерекше даму қажеттілігі бар балалардың аға-інілері мен апа-сіңлілеріне арналған «Mama Pro Сиблингтер» курсы өткізілді. Пилоттық жоба бір жыл ішінде ағайынды балалардың да психологиялық көмекке мұқтаж екенін көрсеткен. Сол себепті бұл курс қордың қалған 2 қаласында да өткізу жоспарланған.

«Демеу» қайырымдылық қоры дәл осы пилоттық жобаны іске асыру мақсатында қаражат жинаған.

Айта кетейік, «Mama Pro» қолдау қорына аналар  сауалнама толтыру арқылы қабылданады. Сауалнама қордың әлеуметтік парақшасы арқылы жүргізіледі. Соңдай-ақ ерекше қажеттілігі бар баланың денсаулық анықтамасы қажет етіледі.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

-->

Кез келген ата-ана мүмкіндігі шектеулі балаға көп көңіл бөледі. Бірақ оған психологиялық түрде дайын болмайды. Әдетте бала күтіміне қатысты үйде отырған ана қоғаммен сирек араласып, өзіне деген сенімділігін жоғалтады. Мұндай жағдайда кәсіби шыңдалып, жұмыс істеу мүмкіндігі бола бермейді. Біз осындай жағдайға тап болған аналарға көмектесеміз. Егер ата-ананың жағдайы жақсы болса, баланың да денсаулығы мен көңіл-күйі жақсара түседі, - дейді «Mama Pro» қолдау қорының президенті Айжан Альжанова.

«Mama Pro» қолдау қорының Алматы және Өскемен қалаларында филиалдары бар. Өткен жылы Алматы қалалық филиалында ерекше даму қажеттілігі бар балалардың аға-інілері мен апа-сіңлілеріне арналған «Mama Pro Сиблингтер» курсы өткізілді. Пилоттық жоба бір жыл ішінде ағайынды балалардың да психологиялық көмекке мұқтаж екенін көрсеткен. Сол себепті бұл курс қордың қалған 2 қаласында да өткізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда бала диагнозына бағытталған көп орталықтар бар, ал аналар үшін сирек кездеседі. Бұл тұжырымдама біздің қордың басты мақсатын көрсетеді. 5 жылға жуық тәжірибе тек аналарға ғана емес, ағайынды жасөспірімдерге де қолдау қажеттігін түсіндірді. Көп жағдайда олар қоғам алдында өз бауыры үшін ұялады. Көбі назардан тыс қалады, өйткені ата-аналар ерекше баланың қажеттілігіне көп назар аударады, - дейді қор басшысы Гульсум Семёнова.

«Демеу» қайырымдылық қоры дәл осы пилоттық жобаны іске асыру мақсатында қаражат жинаған.

Балалар – біздің өміріміздің жалғасы. Қайырымдылық қорының «Самғау» командасы үш айға жуық қаражат жинады. 13 адамнан құрылған топ белсенділері қоғамның жобаның тиімділігі мен қажеттілігін түсіндірді. Шыны керек, біздің қоғам мүмкіндігі шектеулі балалардың туған аға-інілері мен апа-сіңлілеріне ешқандай көмек қажет емес деп ойлайды. Түсіндіру жұмыстарының арқасында біз қажетті қаражатты жинадық, – деді «Самғау» командасының капитаны Зарина Кенжекар.