Әлеумет

Елде Елбасы атты 67, Қазақстан есімді 32 адам тұрады

Ұлттық статистика бюросы ерекше есімдер туралы мәлімет жариялады. Атап айтқанда, Қазақстан есімі 32 адамға берілген.

Сонымен қатар, елімізде 86 Теңге, 26 Астана, 67 Елбасы бар. Бір адамның аты Тәуелсіздік болса, тағы 1 адамның есімі – Атазаң және 1 қыздың аты – Ару-Астана. Ал, 44 387 ата-ана баласының атын Нұрсұлтан деп қойған.

Сондай-ақ, Ахмет Батұрсынов пен Сәкен Сейфуллин – 11, Мағжан Жұмабаев – 105 және Ільяс Жансүгіров 1 рет кездеседі.

Статистика бюросының ақпаратына сәйкес, Тәңір-Жомарт, Нұрпатшайым, Ахмет Байтұрсын, Ақ-тілек, Сүйкімді, Таңғажайып, Тәттім, Султан Бейбарыс, Сұлубике сияқты ерекше есімге ие қазақстандықтар бар. Мұндай есімдер әзірге бір реттен ғана қойылған.

-->