Ішімдікке тойып алған ата-анасы баласын балабақшада ұмытып кеткен
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақша қызметкерлері тәртіп сақшыларына 5 жасар қызды алып кетуге ешкім келмегенін айтқан. Кішкентай қызбен бірге ювеналды полиция қызметкерлері баланың тұрғылықты жеріне келген. Онда олар ата-анасының мас күйінде ұйықтап жатқанын көрген.
-->Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақша қызметкерлері тәртіп сақшыларына 5 жасар қызды алып кетуге ешкім келмегенін айтқан. Кішкентай қызбен бірге ювеналды полиция қызметкерлері баланың тұрғылықты жеріне келген. Онда олар ата-анасының мас күйінде ұйықтап жатқанын көрген.
Пәтер шашылып жатыр, алкоголь бөтелкелері жатыр. Әкесі мен анасына қатысты «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына құжаттарды тапсырды. Осы ата-анаға қатысты мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр, – деп түсіндірді кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Динара Мұқанова.