Әлеумет

Референдум қорытындысы бойынша Республикалық штабтың жиыны болды

Сондай-ақ жиынға Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев қатысты. 

-->

Астанада №60 сайлау учаскесіне барған кезде дала суық болды. Соған қарамастан жас отбасылардың бала-шағасымен  келгені және азаматтық борышын  атқарып жатқаны қуантты. Бүгін нәтижесін естиміз. Нәтижесі жаман болмайтынына сенемін. Осыдан бастап үлкен жұмыс басталады. Конституциялық заңдар өзгереді. Бұлар біздің өмірімізді өзгертеді, - деді Қазақстанның Азаматтық альянсының басшысы Бану Нұрғазиева.

Сондай-ақ жиынға Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев қатысты. 

Осы бір айдың ішінде 1339 іс-шара өткізіп, 631 мыңға жуық біздің мүшемізді қамти алдық. Түсіндіру жұмыстарын оффлайн түрмен шектелмей онлайн платформаларды қолданып, жоғары нәтижеге жетіп отырмыз. Бастысы, заңнаманы өзгерту жағынан да Кәсіподақтар федерациясы және мүшелері өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Өйткені біз әр деңгейдегі жұмыс топтарына белсенді түрде қатысып отырмыз. Ең басты мақсатымыз - еңбек адамына, қызметкерге  мемлекетіміздің әлеуметтік функциясын нығайту. Өйткені бізге әлеуметтік кепілдер керек, - деді Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев.