Референдумнан көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қалыс қалмады
№42 тіркеу учаскесіне арнайы өтініш берген Гүлсім Ахметжанова – І топ мүгедегі. Еліміздегі маңызды іс-шарада өз еркімен азаматтық таңдауын жасады.
2019 жылдан бері ауырып, көру қабілеті нашарлаған Бифатима Бауыржанова да өз таңдауын жасағанына қуанып отыр.
-->№42 тіркеу учаскесіне арнайы өтініш берген Гүлсім Ахметжанова – І топ мүгедегі. Еліміздегі маңызды іс-шарада өз еркімен азаматтық таңдауын жасады.
Осы уақытқа дейін көп жыл дәрігер болып жұмыс ісетедім. Қазір денсаулығым мәз емес. Бірақ референдум күні 5 маусым деп белгіленгенде жолдасыма өтініш жазуды тапсырдым. Себебі дауыс беруден қалыс қалғым келмеді. Осылайша, үйдің қасындағы №42 учаске комиссиясы арқылы дауыс беріп отырмын, - деді ол.
2019 жылдан бері ауырып, көру қабілеті нашарлаған Бифатима Бауыржанова да өз таңдауын жасағанына қуанып отыр.
Бұрын мұғалім болып қызмет еттім. Бүгінгі іс-шара халық үшін маңызды. Сол үшін арнайы комиссияға өтініш жаздық. Дауыс бергеніме қуаныштымын. Елімізде тыныштық болғай! - деді ол.