Әлеумет

Елордадағы №311 референдум учаскесінде бір сағаттың ішінде 79 адам дауыс берді

Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледжінің биылғы түлегі Мөлдір Манабаева дауыс беруге алғашқы рет қатысты.

Референдум комиссиясының төрайымы оған ұлы Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге» кітабын сыйға тартты.

                                                      Аманғали ҚАЛЖАНОВ

-->

Біздің учаскеде 3405 дауыс беруші тіркелді. Таңертеңгі сағат 7.00-ден-8.00-ге дейін, яғни бір сағат ішінде 79 адам дауыс берді. Бірінші болып дауыс берген 10 адамға сыйлығымызды тапсырдық. 18 жасқа толып, алғашқы рет дауыс беріп жатқандарға да футболка, бейсболка, кітап сияқты сыйлықтарды үлестеріп жатырмыз, - дейді референдум учаскесінің төрайымы Гүлмира Оразбекова.

Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледжінің биылғы түлегі Мөлдір Манабаева дауыс беруге алғашқы рет қатысты.

Мен Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, - деді ол. 

Референдум комиссиясының төрайымы оған ұлы Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге» кітабын сыйға тартты.

                                                      Аманғали ҚАЛЖАНОВ