Әлеумет

Елімізде жеңілдетілген автонесие алу үшін өтініш қабылдау тоқтатылды

Банк менеджерлері өтініштер шегінің соңына жеткенін айтады. Тіпті өзінің қалауындағы көлікке өткен жылдан бері кезекке тұрғандардың өзі көлікке қол жеткізе алмаған. Жеңілдетілген несие алуға рұқсатты өтініш беріп үлгерген қазақстандықтар алады. Бірақ көлік алу үшін несие алуды енді ойға алған адамдар біраз уақытқа дейін кезекке тұра алмайды.

Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылында орналасқан Kia Allur автосалонында көліктер жеткілікті, бірақ соңғы кездері банктер арқылы несиелеуге қаржы бөлінбей қойғанын айтады. Әзірге тек ForteBank ғана өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Жалпы автосалондарда кезекте тұрғандардың саны 13 мың адамды құрайды.

Ал ranking.kz сайтының мәліметінше, маусым айының басында 24,19 мың өтініш қабылданып, 72,7 млрд теңге сомасында 9,84 мың өтініш мақұлданған. Бағдарлама аясында қазақстандықтарға барлығы 1618 автокөлік берілген.

Бағдарламаның шарттары барлық банктерде бірдей: сыйақы мөлшерлемесі 4%, несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін, қаржыландыру мерзімі 7 жылға дейін, бастапқы жарна 0 пайыздан бастап, көліктің бағасы 15 миллион теңгеден аспауы шарт.

-->

Қазіргі күнге дейін 9 мыңға жуық өтініш қабылданған. Қаржыландырудың бірінші траншы аяқталды. Өтініштерді қабылдау 20 мамырдан бастап тоқтатылған. Өтінімдерді қабылдау қашан басталатыны яғни мемлекеттен қаражаттың екінші траншының түсетін уақыты әлі белгісіз", - дейді Еуразиялық банктің баспасөз қызметі.