Әлеумет

«Мұның бәрі үлкен қасірет»: Елордада арыстарды еске алды (ФОТО)

Ресми деректерге сәйкес 1937-1938 жылдары Кеңес Одағы аумағында бір жарым миллионнан астам адам тұтқындалғанын, ал елімізде 100 мыңнан аса адам қуғынға ұшырап, азаптау лагерлерінде ұсталғанын, 25 мыңнан астам адам жалған жаламен атылғанын, аналарымыз айдауға жіберіліп, ұрпақтары «халық жауларының балалары» атанғанын атап өткен мәслихат хатшысы 600 мыңға жуық адам шетел асқанын айтып өтті.

Елордадағы ашаршылық құрбандарын еске алу және Алаш арыстарына арналған ескерткіштер саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жапа шеккен ұлт қайраткерлерін ұлықтау мақсатында орнатылғанын айтқан хатшы тарихтан сабақ алып, жарқын да, жаңа Қазақстанға бет бұруға шақырды.

Одан кейін Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев сөз алып, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні еліміздің қалыптасуына өлшеусіз үлесін қосқан Алаштың асыл азаматтарын еске алып, тағзым ету дәстүрге айналғанын атап өтті.

Іс-шарада Жазушылар одағының хатшысы, осы ұйымның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек, алаштанушы ғалымдар, жиналған қауым сөз сөйлеп, арыстардың рухтарына тағзым етті.

                                                               Аманғали ҚАЛЖАНОВ

-->

Өткен ғасыр Қазақстан тарихында қиындығы мен тағылымы мол күрделі кезең болды. Халықтың басына түскен нәубет, саяси қуғын-сүргін, төл құндылықтарға жасалған түрлі қиянат, сұрапыл соғыс елімізге орны толмас үлкен зардаптар алып келді. Бүгінгі азалы күні өткенімізді бағамдап, оған шынайы баға беру, тарихымызды ой елегінен өткізу маңызды қадам. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары кеңестік солақай саясат кесірінен талай арыстарымыз қудаланып, жазықсыз жапа шекті. Шындық үшін шырылдап, елдің азаттығы жолында құрбан болды. Сондықтан да бұл күннің астарында халқымыздың қайғы қасіреті мен ақтаңдақтар ақиқаты жатыр, - деді шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов. 

Ресми деректерге сәйкес 1937-1938 жылдары Кеңес Одағы аумағында бір жарым миллионнан астам адам тұтқындалғанын, ал елімізде 100 мыңнан аса адам қуғынға ұшырап, азаптау лагерлерінде ұсталғанын, 25 мыңнан астам адам жалған жаламен атылғанын, аналарымыз айдауға жіберіліп, ұрпақтары «халық жауларының балалары» атанғанын атап өткен мәслихат хатшысы 600 мыңға жуық адам шетел асқанын айтып өтті.

Мұның бәрі үлкен қасірет. Дегенмен ол дәуірде саяси қуғын-сүргін мен алапат аштық туралы айтудың өзі үлкен қылмысқа баланды. Тек тәуелсіздікке қол жеткізігеннен кейін арыстарымыз ақталып, ашаршылыққа тиісті баға берілуде, - деді Ерлан Каналимов.  

Елордадағы ашаршылық құрбандарын еске алу және Алаш арыстарына арналған ескерткіштер саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жапа шеккен ұлт қайраткерлерін ұлықтау мақсатында орнатылғанын айтқан хатшы тарихтан сабақ алып, жарқын да, жаңа Қазақстанға бет бұруға шақырды.

Одан кейін Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев сөз алып, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні еліміздің қалыптасуына өлшеусіз үлесін қосқан Алаштың асыл азаматтарын еске алып, тағзым ету дәстүрге айналғанын атап өтті.

Саяси қуғын-сүргін жылдары қазақ халқының көрнекті, көзі ашық, көкірегі ояу қайраткерлері азап шекті. Олардың туған-туыстары мен жақындары да аяусыз зорлық-зомбылық көрді, қудаланды. Қазақ елінің тарихында «Ұлы жұт» атауымен қалған ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптарының өте ауырлығы дәлелдеуді қажет етпейді. Біздің міндетіміз - осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы мен оның жазықсыз құрбаны болған Алаштың ардақты ұлдарының қазақ тарихында атқарған игі істерін мәңгі есте сақтау, - деді Ерлан Жаулыбаев.