Төрегелді Шарманов волонтер ретінде қатарымызға қосылды – «Медицина жастары» ҚБ
«Медицина жастары» ұйымы медициналық ұйымдарға волонтерлік көмек көрсету және қан донорлығын дәріптеу, халықтың медициналық сауаттылығын арттыру және саламатты өмір салтын насихаттау, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету және іс-шараларды қолдау, мектеп оқушыларына медицина саласына кәсіби бағыт-бағдар беру және арнайы жобалар секілді негізгі 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.
2020 жылы бүкіләлемді шарлаған COVID-19 пандемиясы кезінде ұйымның волонтер-медиктері жұқпалы аурулар клиникаларында, провизорлық, карантиндік стационарларға көмектерін көрсеткен. Сонымен қатар 30 000-нан аса адамға азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектерді жеткізуге көмектесті. Қиын сәттегі еңбек еленіп, волонтерлер Солтанай Жәнібек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ал Тілеубек Нұридін тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеп, 4 ерікті «Халық алғысы» медалімен, 70-ке жуық ерікті Президент, елбасы, министрлер, облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарына ие болды.
2021 жылдан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Birgemiz:Saulyq» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырумен айналысып келеді. Жобаның басты мақсаты - денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту және науқас адамдарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектерді көрсету.
Барлық облыс пен қалалардан 1263 волонтер жұмылдырылып, 7339 науқас адамға волонтерлік көмек көрсетілді. Жоба барысында 30-дан аса демеушіден 1 млн 245 мың теңге жиналып, мұқтаж жандарға қажетті заттары сатып алынды. Онкологиялық диспансерлер, хоспис, ауруханалармен тығыз байланыс орнатылып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
«Азаматтық бастамалар орталығы» КеАҚ эксперттік комиссиясының шешімімен аталған жобаны 2022-2024 жылдары ұйымдастыру жұмыстары осы ұйымға бұйырған. Әрбір жылы 28 млн 147 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, елімізде медициналық волонтерлікті дамытуға барлық жағдай жасалынып жатыр.
Еріктілеріміз кәсіби тұрғыдан дамуы үшін «Волонтер-медиктер мектебі» жобасын жүзеге асырып, медицина саласының майталмандары, еріктілік қызметтегі тәжірбиелі мамандарды шақырып, арнайы оқытудан өткізілуде.
-->«Медицина жастары» ұйымы медициналық ұйымдарға волонтерлік көмек көрсету және қан донорлығын дәріптеу, халықтың медициналық сауаттылығын арттыру және саламатты өмір салтын насихаттау, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету және іс-шараларды қолдау, мектеп оқушыларына медицина саласына кәсіби бағыт-бағдар беру және арнайы жобалар секілді негізгі 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.
2020 жылы бүкіләлемді шарлаған COVID-19 пандемиясы кезінде ұйымның волонтер-медиктері жұқпалы аурулар клиникаларында, провизорлық, карантиндік стационарларға көмектерін көрсеткен. Сонымен қатар 30 000-нан аса адамға азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектерді жеткізуге көмектесті. Қиын сәттегі еңбек еленіп, волонтерлер Солтанай Жәнібек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ал Тілеубек Нұридін тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеп, 4 ерікті «Халық алғысы» медалімен, 70-ке жуық ерікті Президент, елбасы, министрлер, облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарына ие болды.
2021 жылдан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Birgemiz:Saulyq» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырумен айналысып келеді. Жобаның басты мақсаты - денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту және науқас адамдарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектерді көрсету.
Барлық облыс пен қалалардан 1263 волонтер жұмылдырылып, 7339 науқас адамға волонтерлік көмек көрсетілді. Жоба барысында 30-дан аса демеушіден 1 млн 245 мың теңге жиналып, мұқтаж жандарға қажетті заттары сатып алынды. Онкологиялық диспансерлер, хоспис, ауруханалармен тығыз байланыс орнатылып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
«Азаматтық бастамалар орталығы» КеАҚ эксперттік комиссиясының шешімімен аталған жобаны 2022-2024 жылдары ұйымдастыру жұмыстары осы ұйымға бұйырған. Әрбір жылы 28 млн 147 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, елімізде медициналық волонтерлікті дамытуға барлық жағдай жасалынып жатыр.
Жоспар бойынша 2000-нан аса волонтерді қатарымызға қосып, 7000-нан аса әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету жоспарлануда. Биыл қатарымызға кем дегенде 50 күміс волонтерді қосып, тәжірбиесі мол медицина қызметкерлерін жас ұрпақты оқытуға, тегін медициналық кеңестер жүргізуге шақырудамыз. Алғашқы күміс волонтер болып қатарымызға 92 жастағы академик, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шарманұлы қосылды. Сонымен қатар аймақтардағы волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін 300 000 теңгеден 30 кіші гранттары бөлінген, маусым айынан бастап өтініштер қабылданып, жеңімпаздарды анықтайтын боламыз. Ол үшін біз аймақтардағы барлық медициналық жоғарғы оқу орындары, колледждер және волонтерлердің фронт-офистерімен ынтымақтастық орнатып, жобаның сапалы жүзеге асуына барлық мүмкіндіктерді пайдаланудамыз, – дейді «Медицина жастары» республикалық ҚБ-ның волонтерлері.
Еріктілеріміз кәсіби тұрғыдан дамуы үшін «Волонтер-медиктер мектебі» жобасын жүзеге асырып, медицина саласының майталмандары, еріктілік қызметтегі тәжірбиелі мамандарды шақырып, арнайы оқытудан өткізілуде.
Күнделікті волонтер-медиктер үйдегі күтімді қажет ететін науқастарға, түрлі деңгейдегі аурухана, емханаларда көмектерін көрсетіп, денсаулық сақтау саласына өз үлестерін қосуда. Біздің қатарымызға қосылып, еліміздің тұрғындарына волонтерлік көмек көрсетуге шақырамыз, - дейді олар.