«Жаңа Қазақстан» құрамыз деген бастамаларға ерекше сенім артамын – Жасан Зекейұлы
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, AMANAT партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, профессор Жасан Зекейұлы айтты.
Профессордың айтуынша, Президент бүкіл жүйені өзгертуді қолға алды. Оппозициялық партиялардың, түрлі қоғамдық ұйымдардың ұсыныс-пікірлері ескерілді.
Қоғамдық кеңесінің мүшесі «Беласуда» мемлекетiмiздiң жаңа дәуiрiнiң қалыптасу тарихымен бiрге сыртқы саясатымызда ненi ұттық, неден ұтылыстар болды, бүкпесiз жазылғанын айтты. Бұғанасы қатпаған жас мемлекеттiң әлемдiк саясатта өзiне тиесiлi орынға иелiк ету үшiн ұстанған өткiр де тапқыр саясатын оқып отырғанда бойыңды ерiксiз қуаныш сезiмнiң билейтiнi анық.
Жасан Зекейұлы айтқандай, Тәуелсiздiк – Қазақстанға шығынсыз, оңай келдi деген дақпырттың мүлде қате екендiгiн ұғынасың. Әрине, адам шығыны болмағанымен, талай «найзаның ұшы, бiлектiң күшi» көрiнген қауіп-қатердiң төнгенiн аңғаруға да болады.
-->Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, AMANAT партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, профессор Жасан Зекейұлы айтты.
Яғни, Тоқаев ең алдымен, суперпрезиденттік жүйені тоқтатып, президенттік жүйені құру, күшті парламент және ілкімді үкімет құру мәселесін көтерді. Бұл үшеуінің теңгерімі сақталған жағдайда, Қазақстанның бүкіл экономикасына, әдебиетіне, мәдениетіне, руханиятына өзгерістер болады.
Әділ мемлекет орнату деген сөз – халықтың арман-тілегін орындау деген сөз. Тоқаев партиялық жүйені өзгерту мәселесін қолға алып, «Жаңа Қазақстан» құру үшін референдум өткізуді ұсынды. Осы референдум бойынша Ата Заңымыздың 33 бабына өзгеріс енгізілмек. Бұлардың барлығы да Қазақстанның жаңа құрылымдық даму концепциясына бағытталған. Мұның ар жағында Халық құрылтайы жұмыс істейтін болады.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның ең сенімді тірегі де, тілегі де – халық. Әрине, референдум өткізбей жоғарыдағы өзгерістердің бәрін Парламенттің қабырғасында бекіте салса болар еді. Бірақ мұның бәрі халықтың өзінің ой-тілегінен шыққан идеялар болғандықтан, Мемлекет басшысы оны жаңа бір жүйеге келтіріп, жұртшылық таңдауына салып отыр. Партиялық жүйе өзгереді. Партиялардың саны өседі. Оппозициялық партиялар қалыптасады. Халық өзін, сөзін қорғай алады. Конституциялық кеңестің орнына Конституциялық сот құруды ұсынып отыр. Мұндай сот бұрын болған, бірақ кейінгі 1995 жылғы Ата Заңның қабылдануына байланысты ол өзгеріске ұшырады, жеке басқа табынушылық процесі орнықты. Бұл жасырын мәселе емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі ашып айтты. Қазақстанның бүкіл байлығы 162 адамның қолында жинақталды. Міне, осының бәрі халықтың наразылығын тудырды, шерулер ұйымдастырылды, қаралы қаңтар оқиғасы өтті, – деді ол.
Профессордың айтуынша, Президент бүкіл жүйені өзгертуді қолға алды. Оппозициялық партиялардың, түрлі қоғамдық ұйымдардың ұсыныс-пікірлері ескерілді.
Міне, осылардың бәрін негізге ала отырып, Қасым-Жомарт Кемелұлы осы реформаларды ұсынып отыр. Халықтың өзінің сынына, халықтың өзінің таңдауына салды. Осы өзгерістердің бәрін референдумда халық қолдайтын болса, Қазақстанның жаңа жолы басталады, жаңа бағыты дамитын болады. Бұл Қазақстан халқының жүрегінен шыққан, олардың мақсаттарын, ойларын жүзеге асыратын үлкен саяси шешім деп есептеймін.
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Беласу» кітабын оқып ерекше әсерге бөлендім. Біз әдетте кез келген нәрсені көз алдағы дүниелермен өлшеп, ірі істердің байыбына бара алмайды екенбіз. Бір мемлекеттің халықаралық тұрғыда мойындалуы дипломаттардың біліктілігі мен сыртқы елдермен болған ауқымды қатынастарға байланысты болады екен. Өзім дәрігер болсам да, еліміздің дамуына назар аударып отырамын.
Мемлекеттің іргетасы ішкі бірлік пен сыртқы дипломатияның негіздерінен нығаятыны белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Сындарлы дипломат» деп баға берген. Бұл мемлекет мүддесіндегі саяси біліктілік пен дипломатиялық қырағылығын бағалау болса керек. Еліміз бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мемлекетіміздің беделін асқақтатуға, сыртқы саяси қатынастарда ықпалының артуына негіз қалады.
Бүгінгі Президент, кешегі дипломат Қ.Тоқаев бұл туралы былай толғанады: «Халқымыз аңсаған арманға толы жаңа дәуір келді. Аянбай еңбек етіп бар күш-жігерімді туған елім – Қазақстан игілігіне аямай жұмсайтын сәт туды. Сондықтан байырғы таныстарыммен қоштасуға көндігіп, қажетті құжаттарымды рәсімдей бастадым» дейді. Тәуелсіз елдің енді орнынан тұра бастаған кішкентай мемлекеттің державалық мемлекеттермен зөңгі соғыстырып тең дәрежеде қатынас орнатуы үлкен еңбекті талап ететінін Тоқаев терең сезінген, – дейді Жасан Зекейұлы.
Қоғамдық кеңесінің мүшесі «Беласуда» мемлекетiмiздiң жаңа дәуiрiнiң қалыптасу тарихымен бiрге сыртқы саясатымызда ненi ұттық, неден ұтылыстар болды, бүкпесiз жазылғанын айтты. Бұғанасы қатпаған жас мемлекеттiң әлемдiк саясатта өзiне тиесiлi орынға иелiк ету үшiн ұстанған өткiр де тапқыр саясатын оқып отырғанда бойыңды ерiксiз қуаныш сезiмнiң билейтiнi анық.
Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны белгілі. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ. Қазақстанның Сыртқы iстер министрлiгi нағыз дипломатиялық мiндеттер орындаған жоқ. Өзiнiң алдында осындай күрделi проблемалар тұрған, бiрақ шетелде бiрде-бiр дипломатиялық өкiлдiгi жоқ, сыртқы саясат дәстүрлерiн айтпағанның өзiнде, сыртқы саяси мәселелер жөнiнде ең қарапайым әзiрлемелерi жоқ, бiлiктi кадрлары жоқ елдi көз алдарыңызға елестетiп көрiңiзшi… Жеткiлiктi кемелденген дәулетi, пайдалы қазбаларының орасан зор қорлары бар, бiлiктi еңбек ресурстары, өз аумағында ядролық қаруы бар мемлекет – Қазақстанның бiрде-бiр халықаралық шарты болған жоқ. Егер бiз шұғыл түрде өзiмiздiң сыртқы саясатымызды қалыптастыруды бастап кетпеген болсақ, бiздiң мүдделерiмiзге орасан зор нұқсан келерi де түсiнiктi» дегенi бар.
Тәуелсiздiктiң алғашқы тарихи беттерi осындай дағдарыстармен де бетпе-бет келдi. Сол кезде Қазақстанның сыртқы саясатын кәсiби деңгейде бұлтартпай жүргiзе алатын сенiмдi күштiң қажет болғаны да рас. Осы тұста Елбасы Кеңес Одағының мұрагері – алпауыт мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiнiң кәсiби маманы, тәжірибелі дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанға шақыруы да түсiнiктi едi.
Алып елдің Сыртқы iстер министрлiгiнде 18 жыл қызмет етiп, сыртқы саясатты жүргiзу мен жұмыс үйлестiрудiң тәсiлiн меңгерген, дипломатиялық үлкен мектептен өткен кәсiби маманның Қазақстанға шақырылуы – Қ.Тоқаев үшiн тосын жағдай болатын.
«Осындай орашолақтау басталған жұмыс он жылдан кейiн саммиттi ойдағыдай өткiзумен аяқталды. Ал ол кезде бiз негiзгi күштi iстiң кәсiби жағына салдық. Отырысқа қатысушыларға құжаттардың алдын ала дайындалған жобалары ұсынылды, олар халықаралық ұйымдарда қабылданған деңгейге сай келдi деген жоғары баға алды. Азия қауiпсiздiгi сияқты жаңа құбылыстың сапалық сипаттамалары туралы қызу да мүдделi пiкiр алмасу болып өттi».
Тәуелсiздiк алған жас мемлекеттiң алпауыт мемлекеттермен иық тiресiп келiссөздер жүргiзуге тарихтың өзi мәжбүр еткенiн, сол жолда кәсiби мамандардың жетiспеуiнен қиындықтардың туындағанын бiлу арқылы олқылықтар мен кемшiлiктерiмiз айқын көрiнiс алған. Қамсыз, дайындықсыз, босбелбеу мiнезiмiздiң салдарынан талай есемiздiң де кеткен жерлерi көрiндi. Мемлекеттiң қалыптасу жолындағы қым-қиғаш қиындықтарын қарапайым оқырман да, халық та бiле бермейдi. Бiз үшiн ерекше киелi деп таныған елiмiздiң аяғынан тiк тұруы үшiн қаншалықты тер төгiлiп, көбелердiң сөгiлгенiн «Беласуды» оқып отырғанда көзiң жетедi, – дейді профессор.
Жасан Зекейұлы айтқандай, Тәуелсiздiк – Қазақстанға шығынсыз, оңай келдi деген дақпырттың мүлде қате екендiгiн ұғынасың. Әрине, адам шығыны болмағанымен, талай «найзаның ұшы, бiлектiң күшi» көрiнген қауіп-қатердiң төнгенiн аңғаруға да болады.
«Беласуды» оқып отырып жалпы бiздiң ұлттың, оның iшiнде тiптi зиялы қауымның да үлкен саясаттан қаражаяулығын аңғардым. Өзiмiздi өзiмiз қатты дәрiптейтiн ұлт бола тұра амбиция мен құлқынның мүддесiнен аса алмай тұрған дағдарысымызға ерiксiз алаңдайсың. Мысалы, 1991 жылы Сингапур патриархының Қазақстанды келiп көруге қызыққанына қарағанда, Қазақстанның алғаш тәуелсiздiк алған тұстардағы кезеңi, өз елiнiң алғашқы даму кезеңiн еске түсiргендей болса керек. Ли Куан Ю Қазақстанға келуге қарсы болмаған. Бiрақ… «…Оны ойдағыдай қарсы алмағанымыз да рас. Тәжiрибелi саясаткердi мұқият тыңдау орнына оған бiр топ экономистерiмiз жiберiлiп, экономикамызға көмектесу жолы осы екен деп ойлаған олар Ли Куан Ю-ға өздерiнiң қисық-қыңыр сауалдарымен тарпа бас салудан әрiге бара алмаған». Сингапур басшысы бiздiң экономистерiмiзге мұндай ұшқырлық танытқаны үшiн ұстамдылықпен мақтау айтып, ал бiздiкiлер болса, оларға аса ештеңе керегi де жоқ болатын – өзiмшiл желпiнулерi басылған соң, соған мәз болып тарасып кеткен. Мiне, бiздiң кемiстiгiмiз бен әлсiздiгiмiз де осында. Көз алдауға – теориялық тұрғысынан бiз мықтымыз, ал iс жүзiнде шыдамсыз да дәйексiзбiз. Кейiннен Сингапур дипломаттары маған патриарх бұл сапарға онша риза болмай қайтқанын айтты. Ол емтихан емес, алдағы әлем жағдайы туралы пiкiр алысуға үмiт артқан едi».
Дипломатиялық жазбалар арқылы әлемдiк саясаттағы iрi тұлғалардың iс-әрекеттерi мен саясаттағы ғажап тапқырлықтары өз халқының игiлiгiне шешiлген тарихи жеңiстерiне де куә боласың.
Қысқасы, Қасым-Жомарт Тоқаев – Мемлекет басшысы болғанға дейін ірі жұмыстар атқарған тәжірибелі тұлға. Бүгінде «Жаңа Қазақстан» құрамыз, халықтың жағдайын жақсартамыз деген ниетте. Мен бұл бастамаларға ерекше сенім артамын. Ел байлығының тең жартысы «таңдаулылар» меншігінде, сондықтан күнкөрістің төмен екенін айтты, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі.