Әлеумет

1917 жылы болған Ақмола облысының сиезі: Онда қандай мәселелер көтерілді

1917 жылы «Қазақ» газетінің №230 санында «Ақмола облысының сиезі» туралы мақала жарық көреді. Қазақ зиялыларының басын қосқан келелі жиынға Торғай облысынан Міржақып Дулатов та келген. Құнды жазба Астана қаласының архивінде сақтаулы.

Бұл сиезде мынандай мәселелер талқыға түседі. Бірінші – Дін һәм оқу мәселелері, одан кейін учредительное собрание һәм әйел мәселелері, үшінші – азық, соғыс, жұмысшы, 25 июнь жарлығы, бостандық қарызы, төртінші – жер, сот, халыққа зиянды мекемелер мәселелері және земство, комитет, комиссариат, баспасөз, почта, ақша мәселелері. Жиынның екінші күні көптің талқысына түскен дін мәселесі болады. Бұл турасында шыққан қаулы Орынборда болған қазақ сиезінің қаулысына ұқсас. Осы ретте мақаланың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

сиез.jpg

сиезз.jpg

Құрметті оқырман, пайымдап отырғандарыңыздай, құттықтаудан кейін председатель сиез программасын оқиды. Жоғары айтылған 5 мәселе бойынша жауапты тұлғаларды саралап, комиссия құрады. Бұл қазақ қоғамын дүр сілкіндірген сиездің бірі болды. 

Тарих бәрін айғақтап отыр.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Фото: автор

-->

Омбыда 25 апрельде Ақмола облысының 5 уезінен келген қазақ өкіл-дерінің сиезі басталған. Сиез 23 апрельде ашылады десе де, кейбір өкілдер шабандау жиылған себепті 25-де ашылған. Сиезге Торғай облысынан Міржақып Дулатов келген. Ақмола облысының қазақтарына жер беріп, бастарын қосуға тілек етіп отырған Омбыдағы оқыған қазақтардың ашқан үйлестіруші комитеті. Комитет председателі Айтбаев сиезге келген өкіл- дерге құтты болсын айтып, сиездің президумын сайлаңыздар деді. Жиыл- ған жұрт председательдікке Айдархан Тұрлыбаевты, серіктікке Бірімжан Итбаев пен Міржақып Дулатовты, хатшылыққа Асылбек Сейітовті, Мұхтар Саматовты, Ермұхамед Тоқбаевты сайлады. Председатель жиылған жұртқа Кеңес басшылыққа сайлағаны үшін тәңір жарылқасын айтып, өзінің шын көңілімен шамасы келгенше қызмет ететіндігін білдіріп, сиезді ашты.

Сиезді құттықтап ғаскер атынан Омск военный округтің ғаскер басшысы Григорьев сөйледі: «Россия халқы түгел қуанышта. Бәрі де анадан жаңа туғандай тазарды. Келесі шақта да өздеріңіздің өсіп-өнген туған ініңіздей болған кең далаларыңыздың ауасы қандай таза болса, сіздердің де жү- ректеріңіз кіршіксіз таза болмағына шын тілектеспіз» - дейді.

Одан соң, Омбы коалиционный комитеті атынан комитет председателі Филатов құттықтады. Жаңа хүкімет атынан Законов құттықтап, «енді бұ- рынғы бұратана» деген сөз жоғалды, Руссиядағы халық түгел бәрі біртегіс, бірінен-бірі артық кемі жоқ, бәрінің аты – «азамат» дейді.

Омбыдағы Исполнительный мұжық комитеті атынан келген кісі сиезді құттықтап, екі ай бұрын мұндай күн, мұндай бостандық, мұндай кеңдік пен теңдік ұйықтағанда түске де енбейтінін айтып, бұл барша Руссия хал- қының көл болған көз жасының қабыл болған күні екендігін, енді бұл жал- пы жұртқа келген ырыстан айырылып қалмай, көз қарашығындай қорғау керектігін әр халық өз тұрмысының, өз бақытының зергері екендігін әр ха- лық бұл тұрмыс бәйгесінен тиісті мүшесін алып, көңілдегі көздеген билікке шығып қалу керектігін сөйледі.

Құттықтай келгендерге сиез атынан Айдархан Тұрлыбаев тәңір жарыл- қасын айтып, бостандық, теңдік түп мәңгілік жиылмасын, әрқашан ұйым- шылық болсын. Россиядағы топ-топ халықтардың араларында алалық бол- масын, шын сиезге жиылған қазақ тілегі, көңілі осы екенін айтты.

Бұдан соң Омбыдағы татар ағайындарының атынан келген кісі, Торғай облысы қазағы атынан келген Міржақып Дулатов, Омбыдағы оқып жүрген жастар атынан Мұхтар Саматов сиездегі жұртқа сөз сөйледі: «Қашаннан зорлықта, қорлықта ұсталып, ит пен құсқа жем болып, көзден жас орнына қан ағызып, босағадан бой жазып, төрге қадам баса алмай, қараңғылықта, кемдікте, өгейлікте болып күңіренгенде көздің жасы көл болып, ескі хүкі- мет жығылып, қарасын өшіріп, келмеске кеткенін айтып, енді алаштың ба- ласына да таң атып, күн шығып, бостандық, теңдік күні туғанын түсіндіріп, жарық сәуле бостандықтан ақылмен пайдаланып іске айналдыруын» тілеп сөздерін аяқтады, сонда сиездегі жұрт «аумин» деп бата қылды.