Әлеумет

«Ішімдіктің кесірінен болды»: Көк туды қор қылған «ИК» тобы халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Сондай-ақ Азамат әріптесі Shiza үшін де кешірім сұрады.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен «Ирина Кайратовна» тобының концертінен видеоүзінді жарияланған болатын. Онда сахна төрінде тұрған жас әншілердің бірінің Мемлекеттік туды лақтырмақ болғанын және олардың боғауыз сөздер айтқанын көруге болады. Топтың сахнаға ішімдік ішіп шыққаны белгілі болды. Әншілердің бұл өрескел әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды.

-->

Өз басым баршаларыңыздан, бүкіл казақстандықтардан үлкен кешірім сұрағым келеді. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін кешіріңіздер. Мойындаймын, менен үлкен қателік кетті. Мен үшін бұл сабақ болды. Ендігәрі қайталанбайды деп уәде беремін. Себебі, біздің концертімізге тек жастар ғана емес, жасөспірімдер, кішкентай бүлдіршіндері бар жанұялар да келеді. Сондықтан баршаларыңыздан үлкен кешірім сұраймын. Ешқайсымызда жаман ой, жаман ниет болған емес. Кешіріңіздер!, - деді ол.

Сондай-ақ Азамат әріптесі Shiza үшін де кешірім сұрады.

Өзімнің әріптесім, досым, осы концертке арнайы шақырылған Shiza үшін де кешірім сұрағым келеді. Shiza туды біреуге бергісі келген, естелік болып қалсын дегісі келген еді. Бірақ ішімдіктің кесірінен осылай болды, оны мойындаймын. Оны кешіріңіздер! - деп кешірім сұрады Азамат.