Әлеумет

«Аталарым қарсы!»: Алматылық көріпкел ешқашан тұрмыс құрмайтынын айтты (ВИДЕО)

Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылған. 

Алматылық Бақыт Қабыл қызының 5 жыл бойы ауырғанын, алайда медицина таппаған ауруды тылсым дүниеден тапқанын айтады. Ол емшілік я көріпкелдік жолға түсіп, ауруынан айыққан көрінеді. 

Ал Фатиманың өзі адамдарды қабылдап, ем жасап жүр. Тұрмысқа шықпауының себебін былай түсіндірді: 

-->

Қызым денесі тартылып ауырды. Бірақ не екенін таппадық. Медицина таппады. Қаралмаған жеріміз жоқ. Нақты диагнозын білмеді. Содан ауылдың бас дәрігері айтты: «біз көмектесе алмаймыз», - деп. Халық медицинасына жүгініп көріңіздер деді. Мықты деген емшілерге бардық. Бірақ олар Фатимаға күшіміз жетпейді деді. Солай өз аталарымыздың басына - зиратқа бардық. Сонда Фатима қайтыс болған аталарымызды көргенін айтты, – деді ол. 

Ал Фатиманың өзі адамдарды қабылдап, ем жасап жүр. Тұрмысқа шықпауының себебін былай түсіндірді: 

Аталарымнан рұқсат сұрадым. Күйеуге шығып, бала сүйгім келеді дедім. Бірақ маған қарсы болды. Тектілікті сақтауың керек деді. Мәселен, мен тұрмысқа шықсам, сол адаммен қаным араласады. Бала өмірге әкелемін. Қан бұзылады. Одан қайын жұртыма сәлем саламын. Өз атамның тегін бұзамын. Сол үшін маған өз аталарымның тегі маңызды болып тұр. Тектілікті сақтап қалу үшін өмір бойы тұрмыс құрмаймын деп уәде еттім, – деді емші.