Әлеумет

Референдум алдағы реформалардың тұрақты траекториясын айқындайды – Бақытжан Темірболат

Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, G-Park компаниясының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ғазиз Телебаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров, Astana IT University профессоры Сәуле Мамытова, қоғамдық-саяси және әлеуметтік мәселелер жөніндегі сарапшы Сағынтай Бердағұлова өз баяндамаларын оқыды.

Пікірталасты қорытындылай келе, модератор Б.Темірболат дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, еліміз үшін осындай тағдыршешті уақытта ешкім де шетте қалмауы тиіс және әркім өзінің тарихи таңдауын жасай алатынын атап өтті.

-->

Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметінің алғашқы күндерінен бастап қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Конституциялық өзгерістердің республикалық референдумы алдағы реформалардың тұрақты траекториясын айқындап, азаматтық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті басқосуды ашқан іс-шараның модераторы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Референдум – азаматтардың ерік білдіруінің, олардың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысуының маңызды үлгісі. Конституцияға енгізілмек өзгерістер мен толықтырулар «мықты Президент – абыройлы Парламент – жауапты Үкімет» үлгісін ұстанатын Екінші республикаға айналуға бағытталған. Кешенді өзгерістер қоғамдық қатынастардың барлық салаларына әсер етеді, - деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасұлов.

Еліміз кешіп жатқан тарихи кезеңде эволюциялық даму мен саяси сана-сезімнің артуы көптеген шешімдерді Парламент арқылы емес, жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылдау мүмкіндігіне қолдың жеткенін көрсетеді, - деді Amanat партиясы қоғамдық саясат институтының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Мәдина Нұрғалиева.

Әлемнің құбылмалы ахуалы мен жылдам өзгеретін геосаяси жағдайында, заманның жаңа талаптары мен сын-қатерлері тұсында өткізілетін референдум мемлекетті саяси тұрғыдан түбегейлі жаңғыртуды жеделдетіп, талаптарға сай болуды қамтамасыз етеді. Көз алдымызда билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудің жаңа үлгісі қалыптасып келеді, - деді Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл.