Әлеумет

19 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Elorda.info

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,9%) Өзбекстаннан, 19,6% – Қытайдан, 10,8% – Моңғолиядан, 8,5% – Түрікменстаннан, 7,2% – Ресейден және 2% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрады.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 33,6%-ы орта кәсіби білімді, 42,8%-ы жалпы орта білімді және 8,3% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 337 адамды құрады. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 053 қандас қоныс аударды.

-->