Әлеумет

ЕҰУ-да журналист Төлен Тілеубайдың жаңа кітабы таныстырылды

Жиынды ашқан алаштанушы-ғалым, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ:

Қатысушылар «Бұл күнде журналистика да жарысқа түсіп жатыр. Қазақ баспасөзі халықаралық деңгейде өзге елдердің медиасымен бәсекелесе ала ма?» деген сауалдар төңірегінде ой қозғады.

Кітап авторы Төлен Тілеубай «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты өзінің оқу құралын профессор ұстазы Зарқын Тайшыбайдың басшылығымен жазып шыққанын айтты.

Студенттердің сұрақтарына орай ол:

БАҚ мәселесін талқылау түрінде өткен басқосуда «Kazaknews» ақпарат агенттігінің жетекшісі, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Доған Йылдыз мырза:

Ақын-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айбатыр Сейтақ оқырманға жаңа кітабын ұсынған Төлен Тілеубай өзі қаламгер ретінде осы журналистика саласын, оның бүгіні мен келешегіне көз жүгірту, терең зерттеу құптарлық іс екенін атап өтті. «Баспасөз қызметкерлерінің жауапкершілігі өте үлкен. Оның жазған ақпараты әлемді шарлап кетеді. Ешуақытта қателесуіне болмайды. Сондықтан біздің елімізде де оң өзгерістер орын алып, қаламақы төлеу жүйесі қалыптасып, журналистердің еңбегі жоғары бағаланып, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болатындай жағдай жасалуы қажет» деген ұсынысын алға тартты.

Аталған факультеттің білікті ұстаздары Гүлмира Әшірбекова, Ғалия Манатқызы, Гүлжазира Құдайбергенқызы жаңа кітап туралы пікірлерін білдіріп, авторға сұрақтар қойды.

Болат Бәймен

-->

Жиынды ашқан алаштанушы-ғалым, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ:

Алдымызда үлкен саяси маңызды шешім тұр. Қазақстанның келешегін айқындайтын өзгерістер халықтық референдумға шығарылады. Бұл – мемлекеттік жүйені өзгертетін, жаңа әділетті Қазақстан орнатуға жасалған нақты қадам. Конституцияның баптарына күрделі өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Біздің оқытушылар мен студенттер одан хабардар. Өйткені журналистика – қоғамның айнасы, қозғаушы күші. Қоғам қандай болса, журналистиканың үні де сондай. Қоғамды өзгертетін де журналистика. Қалам иелерін басқаша жазуға алып келетін де қоғам. Қазір бұл салада үлкен өзгерістер орын алуда. Журналистика технологиясы жедел қарқынмен дамуда, - деді.

Қатысушылар «Бұл күнде журналистика да жарысқа түсіп жатыр. Қазақ баспасөзі халықаралық деңгейде өзге елдердің медиасымен бәсекелесе ала ма?» деген сауалдар төңірегінде ой қозғады.

Кітап авторы Төлен Тілеубай «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты өзінің оқу құралын профессор ұстазы Зарқын Тайшыбайдың басшылығымен жазып шыққанын айтты.

Студенттердің сұрақтарына орай ол:

Ғылыми диссертациямды оқу құралына айналдырған себебім журналистика саласында білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға пайдасы тисін дедім. Кітап екі бөлімнен тұрады. Цифрлық технологияның қазіргі медиа саласына әкелген өзгерістері зерттелді. Классикалық модельдің дағдарысы, цифрлық жолайрықтағы журналистиканың даму үрдістері қамтылды. Сондай-ақ ықпалдасу заманындағы байланыстарды және қазақ баспасөзінің бүгіні мен ертеңін зерделеп, сараптама жасауға тырыстым. «Блог және блогинг», «әлеуметтік желілер», «конвергенция» және басқа терминдер мен жаңа құрылымдарға түсініктер беріледі, - деп жауап берді.

БАҚ мәселесін талқылау түрінде өткен басқосуда «Kazaknews» ақпарат агенттігінің жетекшісі, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Доған Йылдыз мырза:

«Өмір бізге күн сайын жаңа өзгерістер алып келуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында баспасөз саласына үлкен мән беріп, арнайы жетінші мәселе етіп көтерді. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру, жауапкершілігін күшейту қажет екенін айтты. БАҚ-тың келешегі қалай болатыны бәрімізді толғандырады. Өткен шақтың технологиясымен, әдіс-тәсілдерімен болашақты құра алмайсыз. Келер күндердің жаңа проблемаларына дайын болуымыз керек. Журналистиканың маңызы арта береді. Қазір кез келген жаңалық толассыз жүріп жатқан ақпарат ағыны арқылы әлемге тарап жатыр. Төлен Тілеубай осы оқу құралын жазамын дегенде, бірден қолдайтынымды айттым. Көп еңбек сіңірді. Өзінің тәжірибесіне сүйенді, көп адамдармен сұхбаттасты, – деп пікірін білдірді.