Әлеумет

«Нағыз масқара!»: Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы тұрған үйдің құрылысы сын көтермейді (ВИДЕО)

-->

Торғай облысының ашылуына мүдделі Ынталы топқа ауылдан, Сарытүбектен көмек сұраған хабар жетті.

Онда Ұлт көсемі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған жерінде салынуы тиіс құрлыстың масқарасы айтылған.

«Бүгін Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбектегі Ахмет атаның түгел сырылып, қайта тұрғызылғалы жатқан құрылыс басына барғанбыз. Оны салуды жергілікті жерден емес, сырттан бөтен жігіттер ұтып алған екен. Ал мына бастаған құрлыстарына мүлде көңіл толмайды. Ойларына ерен тұлғаға әрең дегенде, зарығып жетіп салынып жатқан дүние екені кіріп те шықпайды. Әңгімелеріне қарасаң, тура бір жай сарай тұрғызып жатқан сияқты. Проектіні оқиық, сызбасында қай жерінде қандай материал қажет деп жазыпты, көрейік десек, көрсетпейді. Ал құйған фундаменттері жабайы. Ауылда қораның іргетасына салынатын тастардан қалап жатыр. Қабырғасына деген кірпіштерінің де сапасы өте төмен. Әрі кетсе екі-үш жылда мына іргетас пен мына кірпіш жарылып, отырып қалады.

Құрлыс жайын Ақкөлдегі Қожа ағамыз аудан әкіміне ескерткен. Бірақ аудан әкімі де құлықсыз сияқты. Екі ауылдың әкімдерінің тіпті бас қатырғылары келмейді. Елі үшін құрбан болған атамызға үкіметтен бұдан кейін қаржы бөлініп, бірдеңе тұрғызылады деу қиын. Осының өзін ойбайлап жүріп тұрғызайын деп жатқанда мына жасалып жатқаны сұмдықтың өзі, нағыз масқара! Бөлінген қаражат құрлысшыларға тегіс жетпеген болар, тендердің сондайы бар ғой» деп іргетасы қалай қаланып жатқаны жайлы бейнежазбаны жіберіпті, – деп жазды журналист.