Әлеумет

Елордалық жастар референдумды қолдайды

Сондай-ақ депутат өз сөзінде Конституцияға енетін өзгерістер туралы айтып, студент жастарға түсіндіріп берді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде 5 маусымда республикалық референдум өтетіндігін мәлімдеді. Референдумның негізгі мақсаты – саяси жүйені түбірімен өзгертіп, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндіктер беру. Демократияландыру үдерісін тиімді жүргізу үшін, әрине, алдымен Ата Заңға өзгерістер енгізу қажет. Осы ретте Президенттің тапсырмасымен құрамына белгілі заңгерлер, саясаттанушылар мен сарапшылар енген арнайы жұмыс тобы құрылып, конституциялық өзгерістердің жобасы әзірленді.

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды «Жаңа Қазақстанды» құруға, әлеуметтік-экономикалық және саяси модернизацияны жаңғыртуға бағытталған реформалар қалыптастыру үшін атсалысуға шақырды, – деді депутат.

Сондай-ақ депутат өз сөзінде Конституцияға енетін өзгерістер туралы айтып, студент жастарға түсіндіріп берді.

Мәселен, «6-бап 3-т. 3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» делінсе, енді «3. Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп жазылған, - деді ол.