Биыл дәрігерлердің жалақысы қанша пайызға артты
Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді және осы айда Парламент Мәжілісіне енгізіледі.
-->Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді және осы айда Парламент Мәжілісіне енгізіледі.
Заң жобасында Қылмыстық кодекстің 317-бабының қылмыстық нормаларын ізгілендіру жөніндегі нормалар қарастырылған, яғни, айыппұл санкциялары жеңілдетілді; соттың қарауына бас бостандығын шектеу бойынша балама енгізе отырып, бас бостандығынан айыру мерзімдері қысқартылды. Сондай-ақ, заң бойынша медициналық көмектің сапасын арттыру үшін пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін кәсіптік жауапкершілікті арттыру, сақтандыру; білімді, еңбегі сіңген дәрігерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын белгілеу көзделген, - деді министр.