Әлеумет

Елорда дәріханаларында күн сайын есірткі тектес 1 мыңнан астам дәрі-дәрмек сатылады

Білім басқармасы басшысының айтуынша, аталған бағыттағы жұмысқа ата-аналар да тартылып жатыр.

Сондай-ақ спикер есірткі қолданатын жасөспірімдерді анықтау мақсатында тұрақты мониторингтің жүргізілетінін айтты.

-->

Балалар мен жасөспірімдерді нашақорлық пен құмар ойындардан аулақ ету біздің басқарманың басты жұмыс бағыттарының бірі. Аталған проблемамен күресу мақсатында алдын алу шаралары тұрақты түрде өтеді. Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала» атты 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында кәмелет жасына толмағандар арасында нашақорлыққа қарсы акциялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар қала мектептері мен колледждерде ақпараттық бұрыштар ілінген, - деді Қасымхан Сенғазиев қалалық мәслихаттың отырысында жасаған баяндамасында.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, аталған бағыттағы жұмысқа ата-аналар да тартылып жатыр.

Есірткіні тарату мен қолдануға қатысты проблеманың барын айта кету керек. Күн сайын елорда дәріханаларында ескірткіге мас болуды тудыратын 1 мыңнан астам дәрі-дәрмек сатылады. Препараттардың көбісін рецепсіз алуға болады. Тіпті кішкентай бала да дәрі-дәрмекті еркін сатып ала алады. Осы орайда аталған мәселеге жіті көңіл бөлу керек. Аталған препараттарды қабылдау кезінде есірткіге 100 пайыз тәуелділік туындайды. Ал оның салдарын кәсіби көмексіз жою мүмкін емес, - дейді ол.

Сондай-ақ спикер есірткі қолданатын жасөспірімдерді анықтау мақсатында тұрақты мониторингтің жүргізілетінін айтты.

Бүгінде елордада есірткі психотроптық заттарын қолданған, кәмелет жасына толмаған 5 тұлға тіркелді. Оның ішінде біреуі 14 жаста, қалғаны 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Айта кетейік, балалар мен ата-аналар «111» колл орталығы арқылы көмекке жүгіне алады, - деді Қ. Сенғазиев.