Әлеумет

Әрбір адам таңдауын жасап, науқанға атсалысуы керек – депутат

Депутат Лариса Павловец өз сөзінде 5 маусымда өтетін референдумда әрбір қазақстандық елдің табысты болашағын құру жолында нақты атсалысуға мүмкіндік алатынын атап өтті. 

Сондай-ақ депутаттар еліміздің Ата заңына енгізілетін нақты нормалардың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, олар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді қамтамасыз ету, сайлау жүйесін реформалау мен жаңа саяси партиялардың құрылуы.  

-->

Ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстанның болашағын айқындайтын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылданады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек, – деді Мәжіліс депутаты Лариса Павловец. 