Әлеумет

Amanat партиясының мүшелері зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Жиын барысында Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек алдағы референдум ел дамуының жаңа кезеңі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова өзгерістер мен толықтырулардан кейін жергілікті атқарушы органдар алдында ашылатын мүмкіндіктерге тоқталды.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ референдумның болашақ ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жиында «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ақын Сұраған Рахметұлы да өз пікірлерімен бөлісті.

-->

Жиын барысында Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек алдағы референдум ел дамуының жаңа кезеңі екенін атап өтті.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумның басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Осы уақыт ішінде партия еліміздің Ата заңына өзгерістер енгізудің барлық тиімді тұстарын халыққа жеткізу мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр. Партияның республикалық штабына 200-ден астам, ал өңірлік штабқа 5 мыңға жуық партия мүшесі кіреді. Барлық өңірде белсенділер, қоғам қайраткерлері, ақсақалдар және зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өтеді. Барлықтарыңызды референдум идеясын қолдауға шақырамыз, - деді Дәулет Кәрібек.

Өз кезегінде Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова өзгерістер мен толықтырулардан кейін жергілікті атқарушы органдар алдында ашылатын мүмкіндіктерге тоқталды.

Реформалар әкімдерге дербес шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Өздеріңізге мәлім, облыс және аудан әкімдерінде ондай құзіреттілік жоқ. Көптеген шешім орталықпен келісілуі керек, бұл жұмысты баяулатып, оның тиімділігін төмендетеді. Сондай-ақ, әр ауданның, облыстың өзіндік ерекшеліктері бар және оны жергілікті әкімдер жақсы біледі, - деп атап өтті ол.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ референдумның болашақ ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік екенін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде кейбіреулер референдумның әділ және ашық өтетініне сенбейді. Бірақ, бір кездері осындай саяси реформаларды күткен едік, енді оны Мемлекет басшысы жүзеге асырып жатыр. Өз елінің патриоты ретінде бұл мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Бұл – біздің ортақ тарихи миссиямыз. Болашақ ұрпақ алдында жауаптымыз, - деді ол.

Сондай-ақ, жиында «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ақын Сұраған Рахметұлы да өз пікірлерімен бөлісті.