Әлеумет

Әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі талқыланады - вице-премьер

Сонымен қатар ол жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс қабылданатынын еске салды.

 

-->

Зейнет жасын қысқарту керектігін көтеріп жүрген санаттар шынымен көп. Бұл мәселе талқыланады. Өйткені обьектиивті түрде айтсақ, бұл оңай мәселе емес. Халықаралық тәжірибені ескеріп отырмыз. Халықаралық тәжірибеде зейнет жасын төмендету туралы әңгіме жоқ. Бұл тақырыпты шахтерлер ғана көтеріп отырған жоқ. Мүгедектігі бар балалардың аналары да бұл мәселені көтеріп жүр, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс қабылданатынын еске салды.

Әлеуметтік кодекс жыл аяғына қарай қабылданады. Оған дейін бірнеше талқылау жүреді. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр, - деді Ералы Тоғжанов.