Бүкілхалықтық референдум тәуелсіз еліміздің болашағын айқындайды – депутат
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, мәлім етті.
Бүкілхалықтық референдум тәуелсіз еліміздің болашағын айқындап қана қоймай, әрбір азаматымыздың дауысы естіліп, көптен күткен осы бір тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қосқалы отыр. Бұл дегеніміз таңдаған жолымыздың нық екенін, елдің гүлденуі мен дамуының негізгі бағдары демократиялық қағидаттарды берік ұстанатынымызды білдіреді.
Алдағы уақытта өркениетті елдердей басқару үлгісіндегі олқылықтардан арылып, отыз жылдың сабағынан қорытынды шығарып, өткен кемшіліктерді қалпына келтіріп, ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшуді көздейді.
Президентіміз айтқанындай: «Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді. Үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтады. Мәслихаттардың ықпалын арттырады».
Осы күнге дейін қордаланған мәселелер, бұқараның әлеуметтік жағдайының күрделі түйіндерін түбегейлі шешуде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, алдымызда кездескен қиыншылықтарды жеңуге қауқарлымыз ба деген сұрақ көбіміздің көкейімізде жүргені рас. Алайда халықтың ерік-жігеріне сенеміз, 5 маусым біздің болашаққа аманатымызды айқындап, сол күнгі батыл шешіміміз бізді алға бастайтынына кәміл сенемін!
-->Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, мәлім етті.