Қазақстанда несиесін жаба алмай жүрген қанша адам бар
Демек халық қарызды екі есеге жуық көп ала бастаған.
Оның сөзіне сүйенсек, былтыр 128 мың келісімшарт бойынша шарттардың бұзылғаны анықталды. Осылайша, банктер артығымен алған соманы жеке тұлғаларға қайтаруға міндетті болды.
Оның айтуына қарағанда, халықтың несиеге «батып» кетуінің ең негізгі себептерінің бірі – ставканың жоғары болуы және кей ұйымдардың халықтың табысын растамай қарыз беруі.
-->Былтырғы есепте несиелер көлемі бұрынғыдан 40 пайыз өскенін көруге болады, - деді ол.
Демек халық қарызды екі есеге жуық көп ала бастаған.
Банк немесе микроқаржылық ұйымдар несие беретін кезде азаматтың табысын бағалауы керек. Олардың төлейтін ақшасы табысының 50%-нан асып кетпеуге тиіс. Егер асып кетсе, банк немесе микроқаржылық ұйымдардың несие беруге құқығы жоқ, – деп ескертеді Мәдина Әбілқасымова.
Оның сөзіне сүйенсек, былтыр 128 мың келісімшарт бойынша шарттардың бұзылғаны анықталды. Осылайша, банктер артығымен алған соманы жеке тұлғаларға қайтаруға міндетті болды.
Микроқаржылық ұйымдар бойынша естеріңізде болса, сыйақы 700%-ға дейін болып, мұның арты үлкен шуға ұласқан болатын. Осыны көргеннен кейін оларды реттеуге тура келді. Олар үшін бірыңғай 56% сыйақы мөлшері бекітілді. Онлайн-несиелеу арқылы қазір 50 АЕК-ке (150 мың теңгеден астам) дейін ғана несие беріледі. Бір жарым айға! Біздің қазіргі міндетіміз – онлайн-несиелеуді 56% болатын бірыңғай реттеу алаңына әкелу, - деді Әбілқасымова.
Оның айтуына қарағанда, халықтың несиеге «батып» кетуінің ең негізгі себептерінің бірі – ставканың жоғары болуы және кей ұйымдардың халықтың табысын растамай қарыз беруі.