Әлеумет

«Зайырлылық деген осы ма?»: Сәтбаев университетінде өткен трансгендерлер концерті жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Журналист Ерқанат Көпжасардың жазуынша, бұл концерт Қ. Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінде болған. 

Әлеуметтік желі қолданушылар да бұл іс-шараға өз қарсылықтарын білдіріп жатыр.

 

-->

Журналист Ерқанат Көпжасардың жазуынша, бұл концерт Қ. Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінде болған. 

Бұл Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетте бүгін өткен концерт екен. Мұндай жобалар жастарға ауадай қажетті болғаны ма? Әркімнің өз таңдауы деп қоя салуға болар еді. Бірақ біз мектеп пен ЖОО-на орамал кигізбейтінімізді естен шығармайық. Сонда қайдағы таңдау, зайырлылық дегеніміз осы ма?! – деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылар да бұл іс-шараға өз қарсылықтарын білдіріп жатыр.

«Рұқсат берген барша басшыларын жоғалту керек. Қаныш Сәтбаевтың ескерткішінің алдын жын-ойнақ қылып», «Орамалмен жағаласып еді, осындайлармен жағаласпай ма? Надандық», «Мәдениет пен өркениет деген ұғымдарды мүлдем түсінбейтін жастар қалыптасты...», «Университет әкімшілігі, ұстаздар қайда қарап отыр?», «Масқараааа не концерт мынау?! Түрлерінен адам шошиды. Шайтандар секілді. Мәдениет пе енді осы?» – деген пікірлер жазып жатыр.