Автомектептерге сынақ емтиханы енгізіледі
Басқарма төрағасының айтуынша, курсант жүргізуші куәлігін бірнеше санат бойынша алғысы келсе, онда 7 күн күтпей, сынақты күн сайын тапсыра алады.
-->Қазіргі таңда бірінші рет сынақтан өте алмаған курсантқа тағы мүмкіндік беріледі. Араға 7 күн салып, емтиханды қайта тапсыруға болады. Орта есеппен жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер емтиханды 3-5 рет тапсырған соң өтеді, – деді Сүйеніш Әбділдин.
Басқарма төрағасының айтуынша, курсант жүргізуші куәлігін бірнеше санат бойынша алғысы келсе, онда 7 күн күтпей, сынақты күн сайын тапсыра алады.
Осыған байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болып жатыр. ХҚО жұмысын жетілдіріп, автоматтандыру бойынша шара қабылдаймыз. Бұл аздық ететіндіктен, ішкі істер министрлігімен бірлесіп автомектептердің жауапкершілігін қатаңдату жағын қарап жатырмыз. Дәлірек, автомектептерде сынақ емтиханын енгіземіз. Осы шара курсанттардың халыққа қызмет көрсету орталығына жақсы дайындықпен келіп, сынақтан бірден сүрінбей өтуіне себеп болады. Мұнымен қатар, орталықтардағы кезек саны азаяды, – деді ол.