Әлеумет

Астана аулаларына «Сергек» камералары орнатылады

Тұрғын сауалы:

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің жауабы:

-->

Тұрғын сауалы:

Біз тұрғын үйіміздің жанына гүлзәр салуға өтініш білдіріп едік. Ауданымызда бірде-бір гүлзәр жоқ. Сондай-ақ құрылыс иесі өзінің тікелей міндеттеріне салғырт қарап, сапасыз спорт алаңқайы мен балалар алаңын салғаны үшін де шағымдандық. Біздің бастамашыл топ 1200 дауыс жинады. Бізді «Бюджетке қатысу» жобасында қолдап, алаңқайды абаттандыруға 15 млн теңге беруді, сонымен қатар біздің аумақта «Сергек» камераларын орнатуды сұраймыз.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің жауабы:

Сіздің ауданда жаңадан салынған тұрғын үйлер көп, сіздің үйіңізді жақсы білемін. Оның үстіне сіз азаматтарды қабылдау кезінде келіп, осы мәселені көтерген болатынсыз. Негізі, бұл жұмыстарды біз істейміз. Бірақ уақыт керек, өйткені проблеманың бәрін бір күнде шешу мүмкін емес. Қазір онда құрылыс жүріп жатыр. Жайсыздық бар екені белгілі, бірақ біз құрылысшылармен бұл мәселені талқылаймыз. Жұмыс барысында олар көршілерге жайсыздық туғызбауға тиіс. Біз бұл процестің созылып кетуіне себепкер болғандармен сөйлесеміз. Ал оның жанындағы аумаққа келсек, ол жерде құрылысшылар ақша тапқысы келеді. Біз тұрғындардың мүддесін ескере отырып әрекет етеміз. Мен, өз басым, ол жердің жанында жаңадан үй салынуына қарсымын, өйткені онда онсыз да үйлер тығыз орналасқан. Егер ол жер жеке меншікке жатса, онда әрі қарай бұл мәселені зерттеп көреміз. Егер мемлекет жері болса, онда біз тұрғындардың жайлылығы үшін гүлзәр салып, «Қауіпсіз аула» жобасы бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Шын мәнінде бүкіл жерге камера қою керек. Қазіргі таңда әлеуметтік үйлерді жобалау кезінде біз подъезд бен аула ішіне камера қойып жатырмыз. Ол міндетті түрде керек. Егер қолдан келсе, біз азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жаңа құрылғыларды енгізетін боламыз.