Нұр-Сұлтанда арнайы комиссия «Үміт» орталығына барды
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Үміт» дағдарыс орталығы 2013 жылы 1 қарашада қала әкімінің Қаулысы негізінде құрылған.
«Орталықтың негізгі мақсаты – зорлық-зомбылыққа, қатігездікке ұшыраған жандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету. Орталық 50 төсек-орынмен жабдықталған», - деді «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Ғалихан Куканбаев.
Ол сөзін жалғай отырып, орталықта қызмет алушыларға арнайы 8 бап бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетілетінін айтып өтті. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық, тұрмыстық әлеумет, психологиялық, сол сияқты медициналық, педагогикалық, экономикалық бойынша арнайы қызметтер көрсетіледі.
Айта кетейік, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бүкіл әлемде өзекті. Қазіргі уақытта қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейіне бірнеше фактор әсер етеді. Бұл әлеуметтік және еңбектік тәртіпсіздік, өмірлік бағдарлар мен отбасылық құндылықтарды жоғалту, отбасы институтының әлсіреуі, маскүнемдік, нашақорлық проблемалары және басқалар. Бұл проблемалар жүйелі және кешенді түрде шешілуі тиіс.
-->Нұр-Сұлтан қаласындағы «Үміт» дағдарыс орталығы 2013 жылы 1 қарашада қала әкімінің Қаулысы негізінде құрылған.
«Орталықтың негізгі мақсаты – зорлық-зомбылыққа, қатігездікке ұшыраған жандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету. Орталық 50 төсек-орынмен жабдықталған», - деді «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Ғалихан Куканбаев.
Ол сөзін жалғай отырып, орталықта қызмет алушыларға арнайы 8 бап бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетілетінін айтып өтті. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық, тұрмыстық әлеумет, психологиялық, сол сияқты медициналық, педагогикалық, экономикалық бойынша арнайы қызметтер көрсетіледі.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия орталықтың жұмысымен танысуға, ұсыныс айтып, біздің ұсыныстарымызды тыңдауға, осындағы жандардың проблемаларын білуге келіп отыр. Ол кісілерге қолдау көрсету мақсатында комиссияның отырысы өтті, - деді ол.