Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтық белсенділіктің артқанын айғақтайды – ҚХА мүшесі
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясы жаңа форматта ғана емес, жаңа саяси өзгерістер жағдайларында өтті.
-->Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясы жаңа форматта ғана емес, жаңа саяси өзгерістер жағдайларында өтті.
Президент ұсынған саяси реформалар пакеті қоғамда кеңінен қолдау табатынына сенім мол. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен бірқатар заңнамалық актілер, оларды талқылау үдерісі халықтың жағымды көңіл-күйінің өскенін және азаматтық белсенділігінің артқанын айғақтайды. Қазақстан өзінің көпғасырлық толерантты тарихымен, дала демократиясымен, саясаттағы сабақтастығымен «Ұлт бірлігі – оның әралуандығында» қағидаттарында өзіндік бірегей үлгісін жасады. «Жаңа Қазақстан» үшін кадрлар даярлау мәселесіне қатысты Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Этносаясат» магистерлік бағыты іске қосылғанын атап өтті. ҚХА-ның жұмыс істеп тұрған кафедралары базасында этносаясаттанушыларды дайындау мәселесін қарастыруды сұраймын. Бұл жұмысты «Қоғамдық келісім» РММ-нің өңірлік филиалдарымен бірге үйлестіруді қамтамасыз ете алар еді, – деді Н.Калашникова.