Әлеумет

Отандық әнші жаңа көлігіне жиналған көрімдікті мешіттің құрылысына аударды

Әбдіжаппар Әлқожа Instagram желісінде жаңа автокөлік алғанын хабарлап, оның видеосын жариялап қойды.

Әнші су жаңа тұлпарын көрсетіп, өзіне көрімдік жібергісі келетіндер үшін Kaspi картасының нөмірін қалдырып кетті. Көп ұзамай, өнер иесінің туыстары мен жақын достары оған қаражат аудара бастады. 

Қомақты сома жиналғанда Әбдіжаппар өзіне қаржы аударғандарға тосын-сый жасады. Ол бар қаражатты "Перзент" балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаеваға аударды. Әртістің айтуынша, Әмина Қажы Рамазан айында мешіт тұрғызуда.

-->