Елорда тұрғыны жасөспірімге ішімдік ішкізіп, еліткіш дәрі берген
Заңсыз әрекеттерді 2021 жылдың 25 желтоқсаны мен 26 желтоқсаны аралығында 34 жастағы елорда тұрғыны жасаған. Қазір Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі бұл дерек бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне («Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту») сай соталды тергеуді бастады.
-->Заңсыз әрекеттерді 2021 жылдың 25 желтоқсаны мен 26 желтоқсаны аралығында 34 жастағы елорда тұрғыны жасаған. Қазір Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі бұл дерек бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне («Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту») сай соталды тергеуді бастады.
Кәмелетке толмаған адамды алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, еліткіш дәрі-дәрмекті жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігіне әкеледі. Ал баптың санкциясында осы қылмыс үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, – делінген хабарламада.