Түркістан облысындағы табиғи апаттан зардап шеккендерге өтемақы беріледі
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы құрылған комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Арнайы комиссия шешіміне сәйкес облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралып, көмек көрсетіледі.
Есеп-қисап жұмыстары біткен соң, үй жануарларының шығынына ережеге сәйкес өтемақы төленеді, тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі, ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры жөнделеді, шаруашылық ғимараттарды реттеуге көмек көрсетіледі.
Еске сала кетейік, 24 сәуірде Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында жауын-шашын мен Кентау қаласында қатты жел соғып, табиғи апат болды. Салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны жоқ. Алдын ала есеппен, 53 үйдің ауласына, 19 үйге, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сонымен қатар 370 бас мал шығыны тіркеліп отыр.
-->Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы құрылған комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Арнайы комиссия шешіміне сәйкес облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралып, көмек көрсетіледі.