«Оразаңды бұзсаң, Iphone 13 беремін»: Дін өкілдері желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді
Рамазан айында ұстаған оразасын бұзып, су ішуді сұрап жүргендер мұнымен шектелмейді. Қаншама блогер осы сарында пранк түсіріп жүр. Бәрінің мақсаты бір: арзан күлкі, жөнсіз ойын. Тұрғындардың шыдамын сынау үшін де қымбат сыйлықтары дайын. Дәл осындай ессіз қалжыңды желі қолданушылары ұят деп бағалайды.
Психолог Ғалияш Мақашова пранк жасаушыларды "шынайы емес, қағаз адамдарға" балады. Айтуынша, “олар алға қойған мақсатына жету үшін адамдардың ұстанымын таптап өтуге дайын. Тіпті, әзіл арқылы тұрғындарды депрессияға ұшыратады”, - дейді.
Сондай-ақ олардың уәде етілген сыйлықты бермеуі де мүмкін екенін жеткізді.
Сөзінше, мұндай жосықсыз әзілдің соңы жақсылыққа апармайды.
-->Рамазан айында ұстаған оразасын бұзып, су ішуді сұрап жүргендер мұнымен шектелмейді. Қаншама блогер осы сарында пранк түсіріп жүр. Бәрінің мақсаты бір: арзан күлкі, жөнсіз ойын. Тұрғындардың шыдамын сынау үшін де қымбат сыйлықтары дайын. Дәл осындай ессіз қалжыңды желі қолданушылары ұят деп бағалайды.
Психолог Ғалияш Мақашова пранк жасаушыларды "шынайы емес, қағаз адамдарға" балады. Айтуынша, “олар алға қойған мақсатына жету үшін адамдардың ұстанымын таптап өтуге дайын. Тіпті, әзіл арқылы тұрғындарды депрессияға ұшыратады”, - дейді.
Сондай-ақ олардың уәде етілген сыйлықты бермеуі де мүмкін екенін жеткізді.
Енді ең қызығы сол "қағаз адамдардың" өзіне сондай тәжірибе жасалатын болса, олар бірден күйреп кетеді. Неге сіз адамдарды сынауға дайын тұрасыз деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Тіпті, пранкты сылтау қылу арқылы сіз адамдарды сынап, ол адамдарды сындырған кезде неге ләззат аласыз? Мүмкін, сізді де өміріңізде көп сындырған шығар, – дейді Ғ.Мақашова.
Дінмен, намазбен, оразамен әзілдесу – үлкен күнә. Ол адамды күпірлікке әкеп соқтырады, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Хасан Аманқұл.
Сөзінше, мұндай жосықсыз әзілдің соңы жақсылыққа апармайды.
Күлгісі келеді, қалжыңдағысы келеді, бірақ, бәрі орнымен болуы керек. Ал қазіргі біздің қолданып жатқан немесе соны видео арқылы түсіріп таратып жатқан пранктардың көбісі, жалпы барлығы шариғатқа қайшы деп айтамыз, – деді ол.