«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының мерзімі ұзартыла ма
Бұған дейін «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін аяқталатыны хабарланған болатын.
Айта кетейік, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 7%. Ал бастапқы жарнаның мөлшері тұрғын үй құнының 20% құраса, несиені өтеу мерзімі – 25 жылға дейін созылады.
-->Бағдарлама 1 триллион теңге көлеміндегі қаржыландырудың индикативті сомасына жеткенше жалғасады. 2022 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасы бойынша 533,9 миллиард теңгеге 42 375 несие берілді. Бүгінгі күні «7-20-25» бағдарламасына түзетулер мен толықтырулар енгізуді Ұлттық Банк қарастырып отырған жоқ, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.