Әлеумет

Аймағамбетов Қазақстанның бала тәрбиесі бойынша неге соңғы орында тұрғанын түсіндірді

Ары қарай министр рейтингтің қалай түзілетінін және оны кімдердің жүргізетінін түсіндірді. 

Бұл рейтинг Best Countries for Raising Kids (Балаларды тәрбиелеу үшін ең қолайлы елдер) деп аталады. Ол Best Countries (Үздік елдер) негізгі рейтингінің бөлігі және оны 2016 жылдан бері америкалық U.S. News & World Report басылымы өткізіп келеді.

«Үздік елдер» рейтингін жасау үшін басылым елдің табысын анықтайтын елдердің ерекшеліктерін (атрибут) пайдаланады. Оның саны – 76. «Үздік елдер» рейтингі негізінде 15-ке жуық тақырыптық рейтинг жасалады, оның ішінде «Балаларды тәрбиелеу бойынша үздік елдер» (8 атрибут қолданылады), «Әйелдерге арналған үздік елдер» (5 атрибут), «Инвестицияларға арналған үздік елдер» (8 атрибут) және басқалар. 

Жоғарыда атап өткенімдей, кез келген рейтингте оның әдістемесін түсіну маңызды. Оны түсініп көруді ұсынамын. 

Бірінші. Жоғарыда жазғанымдай, рейтинг атрибуттар жиынтығына негізделген. Балаларды тәрбиелеу бойынша рейтинг үшін әртүрлі салада қамтитын 8 атрибут пайдаланылады: (1) адам құқықтарына қамқорлық; (2) отбасын құрметтеу; (3) гендерлік теңдікке қол жеткізу шарттары; (4) бақыт; (5) тең табыс; (6) қауіпсіздік; (7) дамыған денсаулық сақтау жүйесі. 

Көріп отырғандарыңыздай, бұл жерде әңгіме біздің түсінігіміздегі тәрбие жайында емес, рейтинг авторларының пайымындағы балаларға қолайлы жағдайлар болып саналатын контекстік факторлар туралы болып отыр.

Екінші. Рейтинг азаматтардың сауалнамасына, дәлірек айтқанда, азаматтардың басқа елдер туралы түсінігіне негізделген. Сауалнама қатысушыларына әр елмен байланысты атрибуттарды белгілеу ұсынылды. Ел белгілі бір атрибут бойынша неғұрлым жиі таңдалса, соғұрлым көп ұпай алады. Басқаша айтқанда, респонденттердің белгілі бір ел туралы түсінігі, олар үшін «бақыт», «қауіпсіздік», «тең табыс» сияқты атрибуттармен қаншалықты байланысты екені бағаланады.

Мұндай бағалау респонденттің белгілі бір елдерге қатысты жеке, кейде стереотиптік көзқарасына байланысты екені анық. 

-->

Білім саласындағы рейтингтер туралы жазбалар топтамасын әрі қарай жалғастырамын. Бұл жолы «Қазақстан бала тәрбиесі бойынша елдер арасында соңғы орында тұр" деген тақырыппен қоғамды дүр сілкіндірген «Балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы елдер" туралы рейтингке назар аударғым келді, – деді министр Асхат Аймағамбетов. 